Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы — оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді. Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км-ге созылған.
Бір-біріне параллель жатқан Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км-лік толқынды жазық орналасқан. Оның кейбір жерлерінде ұсақ шоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа кырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады.
Сарыарқа сияқты Мүғалжар да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке. Ең биік жері - Үлкен Боқтыбай (657 м).