Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
4.өркен және оның негізгі элементтері.бүршіктің құрлысы алуан түрлілігі өркеннің бүршіктен дамуы Өркен – бойында сабақ, жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Өркеннің барлық құрамды бөлшектері бітұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады да, бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Бүршік дегеніміз буынаралытары өте қысқарған, түрі өзгерген мүше. Бүршық құрамында өстік сабан, оның өсу конусы, бір-бірін жаба орналасқан бірнеше жас жапырақшалары болады.
Барлық гүлді өсімдіктерді өркеннің түріне қарай түрлі бүршектер болады.
Гүл бүршігі.
Жапырақ бүршігі.
Вегетативні-генеративті бүршік.
Сабақта орналасу ретіне қарай бүршіктердің төбе бүршік және жанама бүршіктер дейміз. Панама бүршіктерге қолтық және қосалқы бүршіктер жатады.
Төбе бүршік – өсіп келе жатқан өркеннің дәл ұшында болады да, оның клеткаларының көбеюі нәтижесінде, өсімдіктің негізгі өркендері бойлай өседі. Жапырақ қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер орналасуы мүмкін. Олар орналасуына қарай түрге бөлінеді.
Сериялы
Коллатеральды немесе бүйірлес бүршік.
Биколлатеральды бүршік.
Айналмалы- бунақты бүршік.
Қосалқы бүршік өсу конусының мертстемасынан емес қалыптасқан ересек сабақтан эндогенді жолмен дамиды. Бұл бүршіктер перицикл, камбій және өзектік сәуле паренхималарынан түзіледі.
Қыстаған бүршік сүректі өсімдіктерді күзгі сарау пайда болып, қыстап тек келесі көктемде өркендейді.
Бұйыққан бүршік- жылдар бойы өспей өзінің өсу қабілетін жоғалтпай, өзіне қолайлы кезенде өсуге , өркендеуге бейімделе , сабақ ұлпаларына көмілген бүршіктер.
Көпшілік өркендерде бүршіктен өркеннің өсіп шығуы белгілі мерзімдерде болады. Ағаштарда , бұталарда және көпжылдық шөптерде бүршіктерден өркендер жылына бір рет көктемде немесе жаздың басында дамиды, онан соң тек кепесі көктемде өркендейтін жаңа қыстаушы бүршіктер қалыптасады. Бүршіктер жылына бір рет , бір вегетациялық мерзімде өскен өркен- жылдық өркен немесе жылдық өнім деп аталады. Соңғысы ағаштарда, жылдық бүршік шеңберінің сақталуымен жақсы көрінеді. Жапырақтары түсетін ағаштарда жаз айларында тек осы жылдың өркендерінде ғана жапырақтар болады. Өткен жылдардағы өркендерде жапырақтар болмайды.Өркеннің бұтақтану тәсілі әр түрлі. Ол жанама бұтақтардың әрқилы орналасуына, олардын өсу тәсіліне және жанама өркендердің өсу ортасына құрылымдық ерекшелігіне байланысты.
Бұтақтанудың мынадай түрлеріне ажыратады:
Дихатомиялы бұтақтану.