5. сабақ оның негізгі қызметтері. шөптесін өсімдіктердің және бұталы қосжарнақты өсімдіктердің сабағының ішкі құрлысының ерекшеліктер
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелерімен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Қызметі:
сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады;
органикалық заттар қорға жиналады;
көбеюге қатысады.
Шөптесін тектес өсімдітер. Шөптесін тектес өсімдіктер-тұрақты ағашты-діңді сабағы жоқ әдемі бұталар. Олардың көпшілігі әсем гүлдейтін бақ өсімдіктері болып табылады. Шөптесін тектес гүлдерде сүректенген бұтақтардың орнына жұмсақ, жасыл бұтақтар болады. " Шөптесін өсімдіктер" термині мұндай өсімдіктерді ағаштардан ажырату үшін қолданылады. Шөптесін тектес гүлдер жыл сайын өсуі мүмкін. Бұл олардың бір жыл өскеннен кейін қурайтындығын білдіреді. Шөптесін тектес гүлдер өздерінің әдемі гүлдерімен немесе жапырақтарымен белгілі. Кеңінен танымал шөптесін гүлдерге-жалбыз, меңдуана, сары ақкекіре, алтыншыбық, өрнекті гүлдер, бөденешөп, қарапайым теңгежапырақ, Түркістан раушаны, арыстан ауыз, африкалық құбылмалы түймедақ гүлі, қыша, көздәрі, жалынгүл жіне т.б. жатады. Қазақстанда жалынгүлдің көкекжалынгүлі және қабықты жалынгүл деп аталатын екі түрі бар. Көкек жалынгүлі-батпақты жерлерде өсетін арамшөп. Ал қабықты жалынгүлдің гүлі әдемі болғандықтан, сәндік үшін өсіріледі. Қосжарнақтылар класы. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – қамбий болады.
Даражарнақтылар дегеніміз – шашақ тамырлы, жапырақтары қатар (параллель) және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Жапырақ тақтасы көбінесе таспа тәрізді. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы,пияз, бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер – даражарнақты өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |