1.фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.
2.фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.
3.фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.
Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:
1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.
1.Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);
Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.
2.Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.
3.Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропикалық фокторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері.Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады.Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.
11)Экожүйелер – энергия мен қоректік заттардың айналымы арқылы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатқан әр түрлі ағзалар жиынтығы мен олардың өмір сүру ортасы. Экожүйенің тірі құраушысы – қауымдастық (биоценоз).
Экожүйелер кеңістіктік масштабы бойынша әр түрлі деңгейдегі мына экожүйелерді қарастырады: микрожүйелер, мезоэкожүйелер, макроэкожүйелер, үлкен экожүйелер. Өмір сүру ортасына байланысты құрлықтық және сулы экожүйелерді қарастырады. Экожүйенің тұрақтылығы деп экологиялық факторлар өндірісі кезінде оның қалыпты тіршілік ету көрсеткіштерін сақтап қалу мүмкіншілігін түсінеміз.
Экожүйе деген түсінік белгілі бір дәрежемен, өлшеммен, күрделілігімен немес пайда болу жолдарымен шектелмейді. Сондықтан жай жасанды, сонымен қатар организмдер мен олардың тіршілік ортасынан тұратын күрделі табиғи жүйелер үшін осы экожүйе деген терминді қолдануға болады.
Экожүйенің негізгі экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады, себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі бар. Осы қабілеттілікті Экожүйе гомеостазы деп атайды. Гомеостаз кері байланыс принципіне негізделген. Мысалы, популяция тығыздығының оптимумнан ауытқу нәтижесінде не туылым, не өлім-жітім артады.
Экожүйенің гомеостазы белгілі бір аралықтарда ғана сақтала алады. Экожүйелер гомеостазды сақтай отырып, өзгерумен қатар даму қабілеттілігі де бар, табиғи және антропогендік факторлар әсерлерінің нәтижесінде тұрақты бір жерден ізден таймай қайталанбайтын алмасуға түсіп, олардың жай түрден күрделі түрге өтуі де орын алады.
Кесімді шекті белгілейтін (лимиттейтін) факторлардың маңызьша алғаш рет Ю. Либих назар аударды. Ол минимум заңын белгіледі: осы заң бойынша астық (өнім) минимумда факторға байланысты болады. Егер топырақтағы пайдалы құрамдас бөліктер (компоненттер) тұтастай алғанда біркелкі жүйені және тек қандай да бір затты ғана білдірсе, мысалы, фосфор кұрамының саны минимумға жақын болса, онда бұл астықтың түсімін төмендетуі мүмкін. Тіпті, өте пайдалы минералдык заттардың топырақтағы оңтайлы құрамы, егер ол шамадан артык болатын болса, астықтың түсімін төмендетеді. Демек, факторлар максимумда бола отырып, кесімді шекте белгіленген (лимиттелген) болуы тиіс. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А.Тенсли. Ол экожүйенің құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударады. Былайша айтқанда, экожүйе заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және организмдердің үш функционалды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер және редуценттер болуы керек. Былайша айтқанда экожүйе зеттектердің айналымы мен энергия тасымалдануына жүретін табиғи бірлік.Экожүйеде зеттектер айналымның жоюына әкеп соқтырады.Экожүйеде организмдердің үш функциональды әр түрлі экологиялық топтары продуценттері, конуцементтер, ретутенттер болуы керек. Экожүйе концепциясы жердегі алғаш организмдер гетеротрофты болған. Автотрофты органикалық заттарды синтездесе, гетеротрофтар олармен қоректенеді. Проуценттерге өздерінің денелерін биоорганикалық қосылыстар есебінен құратынавтоторлық организм жатады. Олар өз денелеріне биоорганикалық қосылыстар есебінен құратын автоторлық оранизмдер жатады және күн көзі энергиясынан керекті энергиясын алады. Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары
Орта - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы, яғни особьты (популяцияны, қауымдастықты) қоршап, оған әсер ететін факторлардың жиынтығы. Тірі организмдер - ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады. Организмдер үнемі өзгеріп түратын қоршаған ортаның әсерін сезініп, бейімделе отырып, өздері де осы жағдайларды өзгертіп түрады. Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлардеп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - абиотикалық, биотикалық және антропогендік (немесе антропикалық). Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқа факторлар жатады.Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр іші және түр аралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына - демографиялық, этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Бүл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер эпифиттер үшін) рөлін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама(қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі есімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) белуі арқылы әсер етуі. Мүны аллелопатия деп атайды (бидайық тамырсабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шептердің мәдени дақылдардың өсуіне кедергі жасауы). Антропогендік (антропикалық) факторлар - адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (биоәртүрліліктің азаюы, парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.). Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол: қоршаған ортаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетін, өзендерді, теңіздер мен мұхиттарды, сонымен қатар топырақты жай ғана емес радиоактивті заттармен ластау экожүйелердің құрамы мен құрылымына, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде. Кейбір мәліметтер бойынша, жыл сайын 15 мың баррель мұнай өнімдері теңіздер мен мұхиттарға төгіліп, жүздеген жануарлар түрлеріне жоғалып кетудің қаупі төніп түр. Ылғалды тропикалық ормандардың көлемі жылына 17 млн гектарға азайып, жерді дұрыс пайдаланбау әсерінен жылына 6 млн гектар жер шөлейттенуде. Жыл сайын 26 млрд тонна құнарлы топырақ беті өзгеріске ұшырап, қышқыл жаңбырлар әсерінен 31 млн гектар жердің ормандарына зиян келіп, жүздеген миллион тонна әртүрлі химиялық заттар өндірілуде, 25-30 мың өсімдіктер түрі жоғалып кетудің алдында және бұл процестер планетамыздағы адам санының күрт өсуімен бірге қатар жүріп келеді. Адамзат тарихында аң аулау, ауыл шаруашылығы, транспорт пен өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаны қатты өзгеріске ұшыратуда. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелеріне антропогендік әсер күннен-күнге күшеюде. Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл тіршілік - адамзат қоғамының қолында, адамның антропогендік әсеріне байланысты. Антропогендік факторлар организмге ағаштарды кесу, аң аулау және жанама әсер ету (ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антропогендік факторларға техногендік факторлар(радиация, ластану, құрғату жұмыстары, электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық, биотикалық, антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.
|
12) Қоршаған табиғи орта негізінде екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи жол, екіншісі антропогендік, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ластануы.
Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де атмосферадағы ғаздардың тепе-теңдігін бұза алмайды, алайда, қолайсыз әсері біраз уақытқа дейін орын алуы мүмкін.
Негізінде қоршаған табиғи ортаның сапасына, яғни құрамы мен қасиеттеріне зиянды әсер тигізетін қауіпті химиялық және биологиялық заттар, радиоактивті материалдар, өндіріс пен тұтыну қалдықтарды, шу, тербеліс, магнитті өрістер және басқа да физикалық ықпалдар болып саналады.
Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара және түсті металлургия, транспорт, электр энергетикасы, ауыл-шаруашылығы, мұнай, газ, көмір, химия өндірістері, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, құрылыс материалдарын өндіретін және басқа да халықшаруашылық салалары жатады.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өндірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен, қағаз өндірісі – күкірт оксидімен, сутекті күкіртпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды.
Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру туралы қазақша реферат
Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті, өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары, керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе түсті.
Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі және ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде әртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға жағдай жасалды.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып табылады.
1. Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның 4 тұрақты типі айқын көрінуде. Корпорация типтеріне:
— ұлттық және мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);
— акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған және жеке жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;
— жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру әдісімен құрылған бірлестіктер (10-ға жуық);
— ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.
Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық инвестициялардың 80-90 %-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді, ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл, микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар, тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды деңгейде ғана болып отыр.
Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық ірі саналатын кәсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін көрсетеді. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынның көлемінің ұлғаюымен және саладағы жалпы өнімнің өндірудегі кәсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы деңгейдегі шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды форамларын іске асыру болып табылады.
3. жарық және оның өсімдіктер өміріндегі рөлі
Жасыл автотроф өсімдіктер үшін жарықтың негізгі факторлардың бірі есептелінеді. Бұл фактор күн сәулесінің өсімдіктерде болатын фотосинтез процесінде яғни өсімдіктердің өсуі және дамуы үшін керекті органикалық заттарды қарауда қатынасады. Өсімдіктер тіршілігінде керек маңызды нәрсе фотосинтез процесінде, тыныс алу үшін көлемде емес одан да көбірек органикалық заттар құралады. Бұл өсімдіктер құрамындағы заттар балансына оңтайлы әсер етеді. Әдетте ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы үшін фотосинтез процесі қызықтырады. Жарықтың экологиялық факторы жер жүзінде бір сыдырғы таралған. Тәуліктің негізгі бөлігінде түн болатын белдеулерде өсімдіктер өспейді, өсседе баяу өсуі жарықтықтың жетіспеуіне байланысты. Соның үшін өсімдіктерді зоналар және кіші зоналар бойынша ажыратады.
Планетамыздың түрлі зоналарында жарық түрлеше болады. Өсімдіктер тарқалған түрлі зоналарда жарықтың интенсивтігі түрлеше болуынан басқа, жарықтың спектрінің құрамы өсімдіктерді жарыту мерзімі, жарықтықтың тұрақтылығы немесе уақытша тарқалуының ерекшеліктері бар. Жарықтың талабына қарай өсімдіктер үш негізгі топқа бөлінеді: жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), көлеңкеде өсетін өсімдіктер (сциофиттер) және жарыққа шыдамды өсімдіктер, жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Экологиялық оптиумына қарай бірнеше айырмашылқтары болады. жарық сүйгіш өсімдіктер күн сәуесі әсер ететін жарықтықта нормал өсіп, көлеңкеге шыдамсыз болады. Соған байланысты бұл топтағы өсімдіктер ашық жайларда, жарықтығы мол мекен – жайларда өседі.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарықтар аз түсетін облыстарда өздерінің оптиумын табады. Олар күшті дәрежедегі жарықтықта баяу өседі. Бұл өсімдіктерге аранжея, үй өсімдіктері жатады. Жарықтың дәрежесі өсімдіктердің анатомиялық – морфологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақ пластинкасы көлеңке сүйгіш өсімдіктермен салыстырғанда ұсақ болады. Өсімдіктердің жапырақ пластинкаларының өсімдік денесінде орналасуы жарықтың күшіне, олардың түсу дәрежесіне қарай өзгеріп тұрады. Мысалы: жарық сүйгіш (гелиофиттер) әдетте жапырақ пластинкаларына жарықтың күшті түсетін күндізгіуақыттарда горизонтқа үлкен бұрыш пайда етіп, вертикал жағдайда тұрады. Мұндай жағдайлар шөл өсімдіктерді және акацияларда байқау мүмкін.
Өсімдіктердің жарыққа бейімделуі, жарықтықты қабыл етуші негізгі органы есептелген жапырақтардың құрылысынан байқау мүмкін: мысалы көпшілік гелиофиттерде жапырақ пластинкалардың бетінде оларға түсетін сәулелерді қайтаратын жылтырауық болады. Лавр, магнолия өсімдіктері өсімдіктер қатарына жатады. Кактус өсімдіктерінің жапырағы ашық түсті, қалың қапталған болады. Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырағында мұндай еркешеліктер болмайды.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырағында жарық сүйгіш өсімдіктерге қарағанда хлорофилл көп болады. Жарықта өскен өсімдіктердің 1 гр жапырағында 1,5-3 мг хлорофил болса, көлеңкеде өскен өсімдіктерде 4,6,7 мг – ға дейін хлорофилл болуы мүмкін.
Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – бұл топтағы өсімдіктер негізінен ашық жерлерде өмір сүреді. Олардың жарықтықпен қамтамасыз етілуі 100 % құрайды. Жарық сүйгіш өсімдіктер тобына Оңтүстіктегі шөлдерде тарқалған өсімдіктер түрлері жатады. Бұл зонада өсімдіктер сирек кездеседі. Гелиофиттерге тундра және биік тауларда өсетін бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер енеді. Орман зонасындағы бірінші ярус өсімдіктері негізінен ағаштарда гелиофиттерге жатады. Кейбір гелиофиттер біраз көлеңкеленген мекен – жайларда да өседі. Олар арасында көлеңкелі мекен – жайларда өсе алмайтын факультатив және өсе алатын облигат түрлері де кездеседі.
Көлеңкеге шыдамды өсімдіктер – бұл топқа күндізгі толық жарықта өсе алатын, бірақ көлеңкелі мекен-жайларда жақсы өсетін өсімдік түрлері енеді. Оларда көлеңкеге шыдамды гүлді өсімдіктерде, гүлдемейтіндерге қарағанда жоғары болады. Бұл топқа орман зонасындағы өсімдіктердің көпшілік түрлері енеді. Тропик мемлекеттерден келтірілген үйде өсірілетін көпшілік өсімдіктер де жатады.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сцирофиттер) табиғи жағдайда толық жарықтықта өсе алмайды. Жарықта немесе көлеңкеде өсу қабілетіне қарап, сциофиттер арасында факультатив және облигат түрлері болады. Сциофиттер тез хлорофилл пайда ете алмастығына байланысты кейбір түрлері жарықта баяу өседі. Жарықтың хлорофильді ыдыратуына байланысты өсімдіктерде қанша хлорофилл ыдыраған болса, сонша мөлшерде хлорофилл пайда болып жасыл реңді болады. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер толық жарықта траспирация арқылы суды тез жоғалтады.
Радиация интенсивтігі және жарықтың спекторының құрамы географиялық жағдайға байланысты мысалы: Солтүстікте жарықтың интенсивтігі күшсіз болып, бірақ жаратылу мерзімі ұзаққа созылады. Оңтүстікте күн қысқа (экваторда 12 сағат) жарықтың интенсивтігі жоғары болған, қысқа толқынды жарықтық жоғары болады. Демек солтүстікте өсімдіктер вегетация дәуірінде ұзын күн жағдайында, оңтүстікте қысқа күн жағдайында өседі. Күн ұзындығының өсімдіктеріне әсерін 1920 ж Америкалық ғалымдардан Гарнер мен Аллард күн ұзындығының әсерін және күн мен түннің алмасуының, жарықтық пен қараңғылықтың өсімдіктер үшін маңызын тәжрибеде дәлелдеп берді және мұны фотопериодизм немесе актиноритмизм деп атады. Олар актиноритмизм белгілері бойынша өсімдіктерді 3 топқа бөледі: ұзын күн өсімдіктері (күн ұзындығы 12 с кем)- бұлар қысқа күн жағдайында гүлдемейді: нейтраль яғни аралық өсімдіктер – бұлар ұзын күнде және қысқа күнде де гүлдейді. Экологтар және геоботаниктер пікірінше географиялық ерекшеліктер болған фотопериодизм маңызды роль ойнайды. Мұны күн мен түн ұзындығының өзара қатысты жердің географиялық кеңдігіне байланысты болады. Қысқа күн өсімдіктерін белгілі критин дәуірден біраз ұзын болған күн вегетатив органдарының көбеюі (гигантизм) және гүлдеудің тоқтауына алып келеді, мысалы: қысқа күн өсімдігі болған соң 12 сағатты фотопериодизм дәуірінде жүзінші күні гүлдесе, 5 сағатты фотопериодизм дәуірінде 37 күн гүлдейді.
Экватор зонасында күн ұзындығының маусымдық өзгеруі үлкен емес. Бұл жерлерде ыңғайлы ылғалды және температура жағдайында өсімдіктер жыл бойы ритмикалық активтікте болдаы және күн ұзындығының аз әсері болады. Ұзын күн өсімдіктерінде күннің критик ұзындығы температураның төмендеуіне байланысты қысқаруы мүмкін.
4. топырақ және оның қасиеттері топырақтың өсімдікке әсері
Топырақ құраушы тау жынысының қасиеті, құрамы топырақ түзілу үрдісіне, пайда болған топырақтың химиялық, физикалық қасиеттеріне үлкен әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның қуаң дала аймағында қоңыр топырақ қалыптасады. Ал егерде осы аймақта кейбір жерде топырақ түзуші тау жынысы натрий тұздарына бай болып келсе, онда осы жерде кебір топырақ пайда болады.
Климат
Ауа райының жергілікті жерде қалыптасқан көпжылдық сипаттамасын климат деп атаймыз. Топырақ құралуына климат үлкен ыќпал жасайды. Топыраќтың қалыптасуына, дамуына әсіресе жылудың және ылғал мөлшерінің әсері қарқынды. Топырақтың жылулығын қамтамасыз ететін күн нұры, ал оның ылғалдылығын анықтайтын атмосферадан түсетін жауын-шашын.
Климаттың континентальдылығы, жауын-шашынның жыл мезгілдері ішінде түсуінің ауытқуы, ауаның ылғалдылығы, желдің шапшаңдығы топырақтың құралуына, онда өтіп жатқан құбылыстарға, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауына үлкен ықпал жасайды.
Климаттың топырақ құралуына тікелей және жанама ықпалы бар. Климат элементтері–ылғалдылықтың, топырақтың жылуы мен салқындалуының әсері топырақ түзілуіне тікелей әсер етеді. Ал жанама әсер әуелі климаттың өсімдіктер және жануарлар дүниесіне әсері арқылы, содан кейін олардың топыраққа ықпал жасауынан байқалады. Сөйтіп, климат біріншіден, топырақтағы биологиялық, биогеохимиялық процестерге әсер етеді. Өсімдіктер дүниесі, органикалық заттардың құралуы және ыдырауы, топырақ микроағзалары мен фаунасы мµлшері, олардың тіршілік қимыл әрекеттері белсенділігі климат ерекшелігіне байланысты. Екіншіден, атмосфера климаты топырақтың ауа, ылғалдылық, жылулыќ және тотығу-тотықсыздану режиміне үлкен ықпал жасайды. Үшіншіден, топырақтағы минералды заттардың өзгерістерге ілігуі климат жағдайларына тәуелді. Төртіншіден, климат топырақтың жел және су эрозиясына ұшырауына үлкен әсер тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |