Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Қыналар өсімдіктердің толық дербес тобы болмаса да, жеке бір бөлім (тип) құрады. Олар өсімдіктердің екі типінен құралган: саңырауқұлақтар және жасыл балдырлар.
Саңырауқұлақ гифалары беткі жағында тығыз, ал ішкі жағында гифалармен едәуір сирек тоқылған дене түзеді. Бұл торларда, мысалы, хлорелла, кейде жіп тәрізді, бір клеткалы жасыл балдырлар тіршілік етеді. Саңырауқұлақ пен балдырдың бірлесіп тіршілік етуі екеуіне де пайдалы. Балдыр гифа торының арасындағы ылғалды ортада тіршілік етеді. Балдыр түзген органикалық затты саңырауқұлақ гифалары сіңіріп алады. Қыналар ең тіршілік жоқ деген жерлерде де, мысалы, жалаңаш тастарда да тіршілік ете алады.
Қыналарды сыртқы пішіндеріне қарап қаспақты қына, жапырақ қына және бұта қына деп бөледі.
Қаспақты қыналардың барлық талломдарының субстратқа тығыз жабысып өсетіндігі сонша, тіпті оларды ажыратып алудың өзі қиын.
Олардың қалыпты тіршілігі үшін жаңбырдан, шықтан және тұманнан түскен су мөлшері әбдеп жеткілікті.
Ж а п ы р а қ қ ы н а н ы ағаш қабықтарынан тақыр жерлерден кездестіруге болады. Олар субстратқа талломдарының жіңішке өсінділері арқылы жабысады.
Б ұ т а қ ы н а л а р д ы ң талломдары өте бұтақты больш келеді. Олар көбінесе жерде, ағаш түбірлері меп діңдерінде өседі.
Қыналар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Әдетте талломның үстіңгі бетінен бүршік тәрізді соредий өсіп дамиды. Олар саңырауқұлақтың біраз гифалары қоршаған балдырдың бір немесе бірнеше клеткаларынан құралған.
Кейбір қыналарға қысқаша сипаттама:
Көк терек қабығында, қаша мен шатырдың ескі тақтайларында қабырғалық алтын дақ жиірек ұшырасады.
Пармелия — қарағай қабығында сұрғылт көгілдір реңді ірі жұқа нан тәрізді, ол тіршілігін жойған шырша бұтақтарында ұсақ болып келетін қыналар.
Пельтигера— сұрғылт жасыл түсті, астыңғы жағында қара жолақтары бар, орманның дымқыл топырағында өсетін қыналар.
Исланд мүгі — сұрғылт сары реңді, өте иіліп келген жіңішке жолақтары бар жапырақ тәрізді бұталы қына.
Бұғы мүгі немесе ягель тундраны жаппай жауып жатыр. Ягель солтүстік орта ендіктердегі құрғақ қарағайлы ормандарда өседі. Оның сабақтары жіңішке де, ете бұтақтанып өскендіктен тым әдемі түп құрады. Кепкен қыналар өте морт болғандықтан, аяқ астында сықырлап жатады.
Қызыл шоқпарбас — биіктігі 2—3 см, ұшы жазылыңқы болып келген өте кішкене сұрғылт жасыл түтікшелер. Түтікшелердің ашық қызыл жиекпен көмкерілгендігін жиі байкауға болады. Бүлінген ескі ағаш түбірлеріиде өседі.
Сақалды қына — сұрғылт ақ түсті тармақты ұзын жіпшелері бар қына. Ол көбінесе тіршілігін жойған шырша бұтақтарында жиі өседі.
Табиғаттағы қыналардың адам үшін де маңызы зор. Тіршілік жағдайларын онша талғамайтын болғандықтан басқа өсімдіктер үшін қажетті топырақ даярлауда (мысалы, жартасты жерлерде) қыналар жиі қатысады. Бұғылар, үй малдары және кейбір кемірушілерді азықпен қамтамасыз ететін бұл өсімдіктер тундра мен орман зонасының солтүстігінде көп тараған.
Исланд мүгі— кейде адамды қырғұлақ (цинга) ауруынан сақтап қалатын Қиыр Шығыста өсетін витамінді өсімдіктердің бірі.
2. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің құрылысы төменгі сатыдағыларға қарағанда күрделірек болады. Олардың көпшілігі сабақ пен жапырақтарға жіктелген. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бірсыпырасының тамыры болады. Олардың көбеюінде де едәуір күрделену болған.
Мүк тәрізділер Мүк тәрізділер типіне ең қарапайым құрылысты жоғарғы сатылы өсімдіктер жатады. Олардың денесі сабақ пен жапырақтарға жіктелмеген.
Мүк тәрізділердің бәрінде де тамыр болмайды. Олар субстратқа ризоидттрының көмегімен бекініп, солар арқылы су сорып алады.
Мүк тәрізділердің даму кезінде жынысты (гаметтофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтар алмасады.
Мүк тәрізділер типі екі класты: Бауыр мүктілер және жапырақ мүктілер кластарын біріктіреді.
Бауыр мүктілер класындағы өсімдіктер денесі субстратқа көлбей орналасады да, кейде бұтақтанады. Бұл кластың айрықша өкілі — моршанция. Ол батпақты бойлай, қурап кеткен жерлерде өседі. Оның денесінің төменгі жағынан ризоидтар шығады.
Жапырақты мүктер денесі сабақ пен жапырақтарға жіктелген. Сфагнум — жапырақты мүк. Ол батпақты және батпақ басқан ормандарда өседі. Негізінен ТМД-ның солтүстік аймақтарына тараған.
Сфагиум мүгінің құрылысы:. Сабағының ұшында ризоидтары болмайды. Сабағының ішкі құрылысы қарапайым. Оның сабағының ортасында ірі клеткалардан тұратын өзегі бар. Өзек ортасына сүректі цилиндр орналасқан. Сабақтың сыртқы қабатында ауа толған клеткалары болады.
Мүк жапырағы екі текті бір қабат клеткалардан тұрады: біреуінде хлорофилл болады да, екіншілерінде су толы (сулы клеткалар), түссіз, тіршілігін жойған клеткалар болады. Сфагнум мүгі ұрпақтарында жыныссыз және жынысты жолмен көбею алмасып отырады. Жынысты жолмен көбейетін ұрпақта аталық клеткалар (антерийдийлер) төбе бұтақ осінде орналасқан. Аналық клеткалар (архегонийдер) басқа бұтақтарда болады. Ұрықтану міндетті түрде суда өтеді де, соңынан жыныссыз ұрпақ—спорогоний дамиды. Спорогонийде пісіп жетілген споралар топыраққа түсіп, өнеді. Спорадан тақталы түзіліс өсіп шығады. Оның үстіңгі жағында ризоидтар мен бүр пайда болады. Мұнан былай бүрден жапырақтанған өркен дамиды.
Солтүстік зоналардың көптеген гектар жерін қаптап жатқан шымтезек мүгі — сфагнум шымтезектің пайда болуындағы негізгі кез болып табылады. Көлді жарып көрсе мүктің жағалықтан суға қарай қалай жылжитынын, қалқыма қабаттың қалай пайда болатынын, осы қабаттың төменгі шегі қалай көмірленіп, шымтезекке қалай айналатынын көруге болады.
Көл батпаққа айналады да, онда жинақтала келе батпақтың өзі шымтезек шығатын құрғақ шымтезекті орынға айналады. Біртіндеп шөптесін жабыны пайда болады.