Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар



бет131/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар
Жануарлар арқылы таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер десе, ал олардың таралу жолдарын зоохория деп атайды. Систематикалық түрлеріне қарай жан-жануарлармен жер бетіне таралатын өсімдіктердің де тұқымы мен жемістерінің өзінше икемделіп біткен өскіншелері болады. Мысалы, кейбір өсімдіктер жемісі мен тұқымының сыртында әрқилы келетін түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары болады.
Солары арқылы жан-жануарлардың жүніне, жылқының жал-құйрығына, түйенің шудасына, қойдың жүніне және т.б. жабысып алып, бір жерден екінші жерге, кейде өте алысқа тарайды. Мұндай жолмен таралатын өсімдіктер: ошаған, кәріқыз, шоңайна, иттікен және басқалар. Мысалы, түйеқарынның үшбүрышты болып келетін жемісінің бір шетінде мүйіз тәрізденген екі аша тікенегі бар, бүлардың әрқайсыларының үшы қармақ сияқтанып, төмен қарай иіліп біткен. Солар арқылы түйеқарынның жемістері жануарлардың жүніне жабысып таралады. Қайсыбір өсімдіктердің жемісінде желмен үшатын қанаты, сумен жүзетін торсылдағы және сол сияқты басқа икемділіктері жоқ болғанымен, оның сыртында темір шегедей қатты және қысқа тікендері болады, олар жануарлардың аяғына, жүрген машина доңғалағына ілесіп жануарлардың немесе машинаның барған жерінде түсіп, қолайлы болса, сол жерде өніп-өсе береді (мысалы, теміртікен жемісі).
Кейбір өсімдіктердің піскен жемісі мен тұқымының сырты сілемейленіп тұрады. Егер осы кезде жан-жануар сүйкенетін болса, сілемейімен жабысады да, жануармен басқа жаққа кетеді, барып түскен жерінде өніп-өседі, бұған зығырдың, дүңгіршектің, лапыздың, тұңғиықтың және басқа да өсімдіктердің тұқымы мен жемістерін мысалға алуға болады.
Жемістері мен тұқымдары көбінесе құстар арқылы таралатын (орнитохорлық) өсімдіктер де бар. Таралудың бұл жолын орнитохория деп атайды. Етінің сыртқы қабаты (эктокарпиі) ашық реңді болып пісетін шырынды жемістерді құстар бірден жұтады. Құстың ішек-қарынында жемісі қорытылып, сүйекті тұқымы оның саңғырығымен бірге жерге түседі. Құс саңғырығы тұқымның өніп шығуына ең қолайлы тыңайтқыш болып табылады да, келесі жылы көктемде тұқым сол түскен жерінде өніп шығады. (Мысалы, шие, алша жиде, өрік, т.б.). Кейбір өсімдік тұқымы құмырсқа арқылы таралады (мирмекохория).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет