Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


жабайы өсімдіктер және оларды пайдалану



бет66/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

8. жабайы өсімдіктер және оларды пайдалану.
Жабайы өсімдіктер: өздігінен өсіп-өнетін өсімдік. Олар жолдар бойында, жолдарда, өрістердің арасындағы, далалық жерлер мен шалғындарда өседі.
Мысалы: Бақ-бақ шөптер арасында кеңінен таралған, оны барлық жерде табуға болады.
Табиғат дүниесінде адам баласы құпиясын ашып болмайтын таңғажайып құбылыстар жетерлік. Солардың бір саласы - өсімдіктер әлемі. Талайды таңдай қақтырған тылсым да үрейлі әрі қызықты алуан түрлі ағаштар жайлы сөз болмақ.
Қан сорғыш терек Ауғанстанда өзгеше қан соратын терек бар. Оның биіктігі екі метр, жуандығы 10см айналасында ғана. Қорқыныштысы жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабыстырып алып, қанын сорып, ақжемін шығарады екен. Кезінде Германия, Франция, Италия жабайы өсімдіктерді тексеру бірлескен отряды сол жерге барып, зерттеу жүргізеді. Солардың бірі осы ғажайып теректі көріп, таңдана жапырағын ұстайды. Сол-ақ екен, оның алақаны жапыраққа жабысады да қалады. Қалай бұлқынса да, қолын ажырата алмайды. Жапырақ оның қолын мұжып, қанын сора бастайды. Әріптесінің жанын алып қалу үшін, зерттеушілердің бастығы амалсыздан қолын шауып тастайды. Бұл оқиға өсімдік зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар әрі қалың, әрі мықты жасалған ерекше қолғап киіп, теректі ұстап, оның сырын шешпек болады. Ойламаған жерден ағаш жапырағы адам қолымен қоса, қолғапты жабыстырып алып, дереу тесіп жібереді. Олар қолғаптан қолдарын зорға шығарып үлгереді. Ал ағаш жапырағына жабысқан қолғаптың лезде дал-дұлы шыққанын көреді. Міне, бұл күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырлы ағаш.
Кір кетіргіш ағаш Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы Алжирде таңғажайып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш бар. Жергілікті тұрғындар оны «Бодан» деп атайды. Мағынасы «кір кетіру» деген сөз. Тұрғындар кірлеген киімдерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң, таза сумен шайып жіберсе болғаны, киім тап-таза болып шыға келеді екен.
Адам жейтін ағаш Индонезияның Ява аралында бір түрлі «Янбай» деп аталатын адам жейтін қорқынышты ағаш бар. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, жайылып жатады. Ал адам болсын, аң болсын байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, ағаш бұтақтары әп-сәтте шырмап алады. Сондай-ақ ағаш бұтақтарынан жабысқақ сұйықтық ағып, шырмалған денені ірітіп жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет