10. жануарлардың жүйелілігі
Жануарлар кез келген жерлерден табылады. Суға үңілсек те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз салсаң та жануарлар кездеседі. Тіпті кез келген тірі ағзаларда да паразит жәндіктердің өмір суретші мәлім. Қазір ғаламшарымызда 1,5 миллионнан астам жануардың түрі бар деп есептеледі. Қаншама жануарлар түрі жер бетінен жойылып бітті. Біз қарастырғалы отырған омыртқасыздардың жәндіктердің саны бір миллионнан асады. Ғаламшарымызда жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленеді. Соншама жануарларды бірінен-бірін ажырату қиын. Сондықтан оларды топқа бөліп, жіктеп, бір жүйеге келтіру қажет.
Жүйелеу дегеніміз - ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен және жер ғаламшарында қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа - жануарлар дүниесіне біріктіріледі.
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы орталан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздел табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыздар және омыртқалылар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін. Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады. Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер (хордалылар) типіне біріктіріледі. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер - жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар.
Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыла ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т. б.) желі өмір бойы сақталады.
Жануарларды негізгі жүйелік топтарға жіктеу[өңдеу]
Жер ғаламшарындағы сан алуан жануарларды жеке-жеке атау, түрлерге ажырату, жүйеге келтіру оңайға түскен жоқ. Біздің жыл санауға дейінгі (ж. с. д.) V-ІV ғасырларда ғалымдар жануарларды жүйелеп, жіктеуге ерекше назар аударды. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ (ж. с. д. 460 - 370 жж шамасында) сол кезде белгілі жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеді.
Грекияның ұлы ойшылы Аристотель (ж. с. д. 384 - 322 жж шамасында) жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер және бунақденелілер деп, негізгі топтарға жүйеледі. Жануарлар өлемін жүйелеу ісінде швед ғалымы Карл Линнейбілгірлік көрсетті. Сондықтан ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы болып саналады. К. Линней ағзаларға қосарлы атау тізім беруді ұсынды. Мұнда ол туыстық белгісіне қарай түрге екі атау берді. Мысалы, шақшақай туыстас қүстардың үш түрі бар. Олар: «Ақ шақшақай», «Сары шақшақай» және «Сарыбас шақшақай». «Ақ», «Сары», «Сарыбас» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Сондықтан мұны түрге берілген белгі деп түсінуіміз қажет. Барлығына ортақ - екінші атау «шақшақай» - құстың туыстық атауы. Ағзаларға (ұсақағзалар, өсімдіктер, жануарлар) жіктеу кезінде туыстық екі атау беру қосарлы атаутізім деп аталады. Қосарлы атаутізім бойынша құс туысының қай түрге жататынын бірден біле аламыз.
Түр[өңдеу]
Түр дегеніміз - Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. Бір түрде бірнеше дарақтар (особь) болады. Олар өзара бірімен-бірі еркін жүптасып, өзінен кейін ұрпақ қалдырады. Әр түрге жататын дарақтар бірімен-бірі жұптасқанмен де, соңынан ұрпақ қалдыра алмайды. Оған жылқы мен есектің жұптасуынан туған қашыр мысал бола алады. Қашыр ұрпақ бермейді.
К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді - туысқа, туысты - тұқымдасқа, тұқымдасты — отрядқа, отрядты - класқа, класты - типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы қалыптасты:
Достарыңызбен бөлісу: |