Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет78/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері дененін бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі – нефростома (кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінін де ұшы тұтасып бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның кабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кенейген ұшымен бүйір жағындағы синустың (целомның калдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.
Целом калдықтарынан қабырғаларында дән тәрізді клеткалар жинақталған. Оларды «ботриодты тканьдер» деп атайды. Азқылтан-дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұксас.
Тыныс алу мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Вгапсһеіііоп туысының өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.
Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі кұрылысты. Қылтандылар (Асаnthobdellada отрядының өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және кұрсақ қан тамырлары са-қиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Тұмсықты (Rhynchobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде целом қуысы редукция-ланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лакуналар (синустар) түрінде болады: арқа, кұрсақ және екі бүйірлі, Олар бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Арқа және құрсақ лакунаның ішінде арқа және кұрсақ қан тамырлары бар, ал екі бүйір лацуналары қан тамырларымен қатыспай, кабырғаларының жиырылуының нәтижесінде, целом сұйық затын дене бойымен өткізіп отырады. Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты (Gnathobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, қан айналуды лакунарлық жүйе атқарады . Лакунарлық жүйенің сұйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині болуынан) және ішінде амебоцид клеткалары кездеседі.
Сонымен, сүліктерде қан айналу жүйесі мен целомның арасын-дағы байланыс субституцияға негізделіен (латынша substitutio ауыстыру, алмастыру), Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы – бір мүшенін жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет