Үстірттер мен қыраттар Қазақстан жер бедерінің биігірек үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Ол үстірт, Торғай, Орал алды үстірттері, Жалпы Сырт қыраттарының бір бөлігі, Бетпақдала және балқаш маңындағы жазықтар. Жер беті көбінесе тегіс, біраз жерлері белесті, ал кей жерлерінде беткейлері тік құлама болып келеді.
Үстірт солтүстік және солтүстік батысында Каспий маңы ойпаты мен, батысында Маңқыстау жазығымен шектеседі. Оның Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана қарайды. Үстірт- теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ге жуық биіктік үстідегі жазық. Қазақстан жерінде ең биік тұсы – Мұзбел жоны, биіктігі 340 м. Солтүстік шығысқа қарай аласыра береді. Үстірт салыстырмалы биіктігі 150 м-ге дейін жететін тік жарлармен шектеледі. Сондай-ақ бұлар маусымдық су тасқынынан пайда болған құрғақ жыралармен тілімделген. Үстіртке көтерілетін жерді іздеп, тік жарлардың етегінде тәулік бойы жүруге болады.
Торғай үстірті шығыстағы Сарыарқа, батыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалқартеңіз ойысына жалғасады. Үстірттің орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты Бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды. Ол Батыс Сібір Жазығын Тұран ойпатымен жалғастырады. Бұғаз аталу себебі ежелгі Арал-Каспий теңізі алабы сол кездегі Батыс Сібір жазығының орнындағы теңіз алабымен осы жер арқылы жалғасады. Торғай үстірті арқылы Есіл және Тобыл өзендерінің және Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар, бұйратты қыраттар, көл-көшік ойыстары, сай-жыралар кездеседі.