5. жазықтар мен ойпаттар үстірттер мен қыраттар ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЙПАТТАРЫ: Каспий маңы ойпаты Тұран ойпаты Батыс Сібір жазығы Балқаш маңы жазығы. Қазақстан жерінің үштен бірін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы республиканың солтүстігінде, солтүстік – шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылып ұзынша өмірді қмтиды. Бұл жазықтың жер бедері біріңғай тегіс. Кей жерлерінде ғана сотүстік-шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м аласа жалдар мен жондар бар. Олардың арасында ұсақ көлдер тізбегі таралған. Бір кезде теңізз түбі болғандықтан, горизонталь бағытта орналасқан теңіз шөгінді жыныстарынан ( саз, саздауыт, құм) тұрады. Батыс Сібір жазығы оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді. Оңтүстікте Сарыарқаға тірелген жерінде мұхит деңгейінен 200 м-ге дейін көтеріледі де, солтүстік, солтүстік-шығыс бағытта (Петропавл маңында) 130-140 м-ге дейін төмендейді. Бұл еңістікті өзендердің өте баяу ағуынан да байқауға болады. БЬатыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.
Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік- батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді, ойпат негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Ойпаттың шеткі жағалаулары теңіз деңгейінен 200 м-г дейін көтеріледі де, ортасындағы ойыс Арал теңізіне қарай төмендейді. Тұран ойпаты көл, теңіз және өзендердің шөгінді жыныстарынан ( лесс тәрізді саз, саздауыт, құм және құмайт) түзілген. Тұран ойпаты солтүстік батысында Торағай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазақстан жерінде екі бөлікке – солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құм төбелер мен қырқалар басым, ара тұра тақырлар да кездеседі. Өсімдіктер өскенен кейін құмдар бекіген, әйтседе кей жерлерде сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.