Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды



бет2/2
Дата12.03.2023
өлшемі19,1 Kb.
#171998
1   2
Байланысты:
Жарнама

1.Сауда маркасының жарнамасында – марканың ұзақ уақыт естесақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Бұл жарнама түріне «Билайн» ұялы байланысының жарнамаларын мысалға келтіруге болады.
2.Жекелеген сауда жарнамасы – жергілікті сипатқа ие және әр түрлі өнімдер сатылып, белгілі бір қызмет түрі ұсынылатын нақты бір сауда нүктесіне немесе қызмет ету саласындағы мекемеге бағытталады.
3.Саяси жарнама – соңғы уақытта мұндай жарнамалар депутаттыққа, президенттікке үміткерлер арасындағы таласты сұрақтардан гөрі, саясаткердің оң имиджін қалыптастыруға ыңғайластырылып жасалып жүр. Саяси жарнамаға халық көбіне Президент сайлауы, депуттатарды сайлау қарсаңында куә болады.
4.Анықтамалықтағы жарнама  – қандай да бір тауарды қалай сатып алуға немесе қажетті қызмет түрін қайдан табуға болатындығын білгісі келетіндерге арналады.
5.Тікелей үн қататын жарнама – кез келген жарнамалық ортаны, оныңішінде пошта арқылы жөнелтуді пайдалана алады. Сатып алушы тек телефон немесе пошта арқылы тапсырыс берсе болады, тауар белгіленген уақытта қолайлы тәсілмен жеткізіледі.
6.Іскерлік жарнамаға - жекелеген саудагерлерге, көтерме сауда жасайтындарға және дистрибюторларға, сонымен қатар, өнеркәсіп мекемелеріндегі сатып алушылар мен кәсіпқой мамандарға (мысалы, адвокатпен дәрігерлерге) арналған хабарламалар жатады.
7.Институционалды жарнаманы – корпоративті деп те атайды. Мұндай жарнама мекеменің танымалдылығын арттыруға немесе ұйымның қызметіне қоғамның көңілін аудартуға бағытталады. Мысалы «Нұрбанктің» жарнамасы осы түрге жатады.
8.Әлеуметтік жарнама – белгілі бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Мысалы, көлік жүргізу кезінде спирттік ішімдіктен бас тартуға немесе кішкентай балаларға жақсы күтім жасауға шақыру.
9.Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және интернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Жарнама Wed-беттерде, баннерде т.б. орналастырылады. Бұл жағдайда тұтынушы жарнамаға көңіл аударып, оны толықтай ашып, түрлендіре алады немесе керісінше, оған ден қоймауы да мүмкін.
Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасына зиян келтіретін, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.

Жарнама!
Қазақ халқын әлемге танытып тұрған ұлттық құндылықтарымыздың бірі – ұлттық тағамдар. «Тандыр» – ұлттық жәдігерлер жинақталған мейрамхана-музей. Ет тағамдары тандырда пісірілетіндіктен дәмі тіл үйірерліктей дәмді. «Тандыр» мейрамханасы қазақтың тағамдарын ұсынып қана қоймай, оның дәстүрін де ұстанады әр қонағына кетерде сарқыт береді. Демалыс күндері қазақ халқының мәдениетінен хабар беретін шоу-бағдарламалар өтеді.


Мекен-жайы: Абылайхан 73А
Телефон нөмірі: 87775979797
Орташа чек: 5000 теңге
Жұмыс уақыты: 11:00-23:00

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет