Q
) абцисс осінде ЖҰӨ шынайы көлемі,
ал (
Р
) ординат осінде баға көрсетілген.
1-сурет. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі.
Кейнсиандық теорияға сәйкес жиынтық ұсыныс ирегі горизонтал (
AS
)
тұрде болады. Жиынтық сұраныс тұрақты болмайды, ал баға мен жалақы
төмендеу бағытына қарай иілімді болмайды. Және де бұл жағдайдағы
жиынтық сұраныстың
AD
1
-ден
AD
2
-гe дейін төмендеуі баға деңгейіне көп
әсер етпейді. Оның үстіне бұл жағдайдағы өндірістің шынайы көлемі
Q
2
-ден
Q
1
-ге дейін төмендейді және бұл деңгейде белгісіз мерзімге дейін ұзақ уақыт
бойы тұруы мүмкін. Бұдан келіп шығатыны кейнсиандықтар үшін жиынтық
сұраныстың өзгергіштігі және төмендеу бағытындағы бағаның иілімді
болмауы жұмыссыздықтың өсуіне алып келуі және бұл көрініс нарықтық
экономикада белгілі бір ұзақ мерзімге сақталуы мүмкін. Бұдан шығатын
қорытынды: жиынтық сұранысты реттеудің мемлекеттік макроэкономикалық
саясаты қажет.
Дж. Кейнсті тұжырымына сәйкес, өндірілген тауарлар мен қызмет саны
жиынтық шығындардың (немесе жиынтық сұраныстың) деңгейіне, яғни
тауарлар мен қызмет тұрлеріне деген шығындарға тәуелділікте болады.
Жиынтық шығындарының өте маңызды бөлігі тұтынушылық, бұны жинақ
қорымен қоса алғанда қолда бар кіріске салық төлегеннен кейінгі кіріске тең
болады. Бұған сәйкес, аталмыш кіріс тұтынушылықты ғана емес, сонымен
бірге жинақ қорын да анықтап береді. Сонымен қатар тұтыну және жинақ
13
қоры көлемі тұтынушылық қарыздар, капитал көлемі сияқты және т. б.
факторларға тәуелді болады.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық моделі 2-суретте
бейнеленген. Абсцисс осінде шынайы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) (
Q
), ал
ординаттар осінде - баға деңгейі көрініс береді (
Р
).
2-сурет. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық моделі
AD
-
AS
классикалық моделінен көріп тұрғанымыздай, жиынтық ұсыныс
ирегі (
AS
) толықтай жұмыспен қамту болып тұрған кездегі шынайы ЖҰӨ
өндірісінің көлемін айқындайтын вертикаль сызық тұрінде көрінеді. Баға
деңгейін айқындайтын
AD
жиынтық сұранысы әдетте тұрақты болып тұрады.
Егер де ол төмендейтін болса (кескіндемеде
AD
l
-ден
AD
2
-гe дейін) баға
деңгейі тез құлдырайтын болады (
Р
1
-ден
Р
2
-ге дейін). Мұның нәтижесінде
ұсыныстың уақытша көтерілуінен АВ жойылады және С нүктесінде толықтай
жұмыспен қамту қалпына келтіріледі. Осыған сай егер де сұраныс
төмендейтін болса, онда баға икемділігі ЖҰӨ өндірісі мен жұмыссыздықтың
табиғи деңгейінің тепе-теңдік күйі жағдайын демеп тұратын рыноктік
механизмнің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан да
макроэкономиканы мемлекеттік реттеу қажет етілмейді деп санайды
неоклассиктер.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделінде ақша
массасы (
М
=
kYP
) жалпы ұлттық өнімге (ЖҰӨ) және бағаның ағымдағы
деңгейіне пропорционалды болып келеді. Мұнда
М
– ақша массасы,
Y
–
ұлттық табыс (ЖҰӨ),
Р
– баға деңгейі,
k
- ақшаның кассалық қалдық
коэффициенті.
Берілген ақша массасы мен ақша айналымының жылдамдығының
көрсеткіштері жағдайында баға деңгейі тек қана шынайы ұлттық табыс
көрсеткіштеріне ғана байланысты болады:
Р
= (
MV
)/
Y
.
Сонымен бірге шынайы ұлттық табыстың (ЖҰӨ) бекітілген тепе-теңдік
күйінде ақша нарығы параметрлерінің өзгеруі ақшаның бейтараптығына
байланысты тек қана баға деңгейінің өзгеруінде ғана көрінеді.
Жиынтық шығындардың келесі құрамдас бөлігі инвестициялар болып
табылады. Олардың көлемі екі факторға тәуелді: пайыздың шынайы
14
ставкасына және таза кіріс нормасына. Инвестицияларға жұмсалатын
шығынның көлеміне негізгі капиталды сатып алу, оны пайдалану және оған
қызмет көрсету, капиталдағы өзгерістер, технологиялар және басқа да
уақытша факторлар әсер етеді.
Соныменен, жиынтық сұраныстың көлемін айқындайтын жоғарыда
көрсетілгендей тұтынушылық пен инвестицияға жұмсалатын шығындар
тұрақты болмайды. Бұл нарықтык макроэкономкада тұрақсыздық шақырады.
Дж. Кейнстің экономиканы теңгерімдеу үшін, оның тепе-теңдігін
қамтамасыз ету үшін тиімді сұраныс болуы керек деп есептейді. Соңғысы
тұтынушылық пен инвестицияларға деген шығындардан тұрады. Тиімді
сұранысқа демеу жасауды осы сұраныстың өсімін инвестицияларының
өсімімен байланыстыратын мультипликатордың көмегімен жүргізу керек.
Және де бұл жағдайда әбір инвестиция тұтынушылық пен жинқтауға кететін
жеке кіріске айналады. Нәтижесінде тиімді сұраныс әсімі бастапқы
инвестициялар өсімінің көбейтілген көлемі болады.
Мультипликатор
адамдардың
өз
кірістерінің
қанша
бөлігін
тұтынушылыққа жұмсауына тікелей байланысты, бірақ жеке тұтынушылық
кірістің өсуімен бірге өседі, алайда оны кірістен төменірек өседі деп те
айтуға болады. Бұл адамдардың қор жасауға деген ұмтылысы сияқты
психологиялық фактормен түсіндіріледі. Дж. Кейнстің пікірінше осы фактор
жиынтық кірістегі тұтынушылық қорының төмендеуіне алып келеді.
Жиынтық кірістегі тұтыну үлесінің төмендеуін адам табиғатына тән
жағдай деп есептей отыра, Дж. Кейнс инвестициялар сияқты жиынтық кіріс
компонентіне демеу жасап отыру керек деп атап көрсетеді. Мемлекет жеке
инвестицияларға салық, несие-ақша саясаты және мемлекеттік қаржы бөлу
жолы арқылы қолдап отыруы қажет. Осы жолмен тиімді сұраныстың
кемшілігі қосымша мемлекеттік сұраныспен жабылады, бұл макро-
экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізуге жағдай жасайды.
Кейнс пен оның ізбасарлары жалпы экономикалық тепе-теңдікті
қалыптастырудың тұрлі жағдайларын қарастырған. Кейнсиандық моделдің
негізгі ерекшелігі - ондағы экономиканың шынайы және ақша секторы өзара
байланыста болып қалуында. Бұл байланыс ақша сұранысының кейнсиандық
түсіндіру ерекшелігінде болады, бұл ерекшелік бойынша ақша байлық болып
табылады және дербес құндылыққа ие, және де пайыз ставкасының
трансмиссиялық механизмі арқылы көрініс береді.
Кейнсиандық моделде игіліктер нарығы аса маңызды нарық болып
табылады. «Жиынтық сұраныс - жиынтық ұсыныс» байланысындағы
жетекші рөл жиынтық сұранысқа тиесілі. Бірақ та оның көлемі ақша
нарығымен өзара істестік нәтижесінде өзгеретін болады.
Жалпы экономикалық тепе-теңдікті кейнсиандық моделі ішіндегі
барлық нарықтар өзара байланысты болып табылатын және де сол
нарықтардың біреуінде тепе-теңдік шартының өзгеруі басқа нарықтардағы
тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгеруіне жәңе тұтастай алғандағы жалпы
экономикалық тепе-теңдік шарттарының бұзылуына алып келетін біртұтас
жүйе ретінде сипаттайды.
15
Егер Ү-ге қатысты айырбастың сандық теңгерімін елестетсек және осы
арқылы жиынтық сұраныстың функциясын көрсетсек:
Достарыңызбен бөлісу: |