Ү = (MV)/P
, онда
Ү=const
шартын қамтамасыз ету үшін ақша массасы мен баға деңгейін бірдей
пропорцияға дейін өзгерту қажеттілігі айқын болады.
Ақшаның бейтараптығы «Кембридж әсері» деген атау алған
механизммен толықтай дәйектеледі. Бұл әрбір субъект өзі үшін қолма-қол
ақшаның (шынайы кассалық қалдық) оптималды деңгейін жоспарлап қояды.
Ақша көлемінің қандай да бомасын өзгеруін экономикалық субъектілер
шынайы касса қалдықтарының оптималды көлемінің ауытқуы ретінде
қабылдайды да, оның оптималды көлемін қалпына келтіруге әрекеттер
жасайды.
Шынайы кассаңың өсуі жағдайында артық қолма-қол ақшаны
субъектілер игіліктерге (благо) айырбастай бастайды, бұл арқылы
тұтынушылық шығындар мен жиынтық сұранысты өсіреді. Ал шынайы
кассаның төмендеуі жиынтық сұранысты азайтады.
Толық жұмыспен қамтылу жағдайында табиғи шығару (естественный
выпуск) деңгейіне қатысты жиынтық сұраныс қатаң түрде бекітілген болады,
сондықтан да жиынтық сұраныстың мүмкін болатын жалғыз реакциясы - бұл
баға деңгейінің сәйкес өзгеруі ғана болуы мүмкін. Классикалық
концепциядағы баға абсолютті иілімді болады, сондықтан да сұраныстың
өзгерүлеріне жиынтық ұсыныс реакциясы лезде жауап береді.
Қазіргі заманғы макроэкономикаға инфляция мен жұмыссыздық тән
екенін атап ескере кету керек. Баға мен жалақы динамикалық тұрде болады -
төмендеуі де, жоғарылауы да мүмкін. Сондықтан да
AS
жиынтық
ұсынысының ирегі жалпы нарықтық тепе-теңдіктің неоклассикалық және
кейнсиандық моделдерінде көрсетілгендей қатаң вертикал және горизонтал
жайда болмайды.
AS
жиынтық ұсынысының шынайы ирегі тұрлі ұдайы өрбіп
отыратын өндірістік ситуациялардың үш кесіндісі болады: I горизонтал
кесінді (кейнсиандық); III - вертикал кесінді (классикалық); II – жаңадан
жоғарылап келе жатқан аралық сипатқа ие кесінді (3-сурет).
3-сурет. Тұрлі үдайы өндіріс жағдайларындағы жиынтық ұсыныс ирегі.
16
Көріп тұрғанымыздай,
AS
жиынтық ұсынысының өсуі жағдайында тепе-
теңдік шарты жиынтық ұсыныс ирегінің қандай кесіндісінде
AD
жиынтық
сұранысының жаңа ирегімен қиысатынына байланысты болады. Егер де
AD
жиынтық сұранысы горизонтал I кейнсиандық кесінді шеңберінде өзгеретін
болса, онда сұраныстың өсуі жиынтық ұлттық өнімнің шынайы көлемінің
өсуіне алып келеді, алайда баға деңгейін өзгертпейді.
AD
III классикалық
кесіндіде өскенде баға көтеріледі, ал жалпы ұлттық өнімнің шынайы өсімі
бұрынғы қалпында қалады, бірақ та толық жұмыспен қамту жағдайында өз
деңгейінің шеңберінен асып кетуі мүмкін. Егер де
AD
жиынтық сұранысы II
аралық кесіндіде өсетін болса, бұл жалпы ұлттық өнімнің және баға
деңгейінің өсуімен қатар жүретін болады.
Ашық экономикадағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін
макроэкономикалық саясаттың бюджеттік-салықтық және кредиттік-
ақшалық қуралдары сияқты дәстұрлі тұрлерімен қатар, сыртқы сауда және
валюта, сыртқы қарызды басқару сияқты тұрлері де қолданылуы мүмкін.
Бұдан басқа, бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалық саясаттың жабық
экономикада өзінің тиімділігін көрсеткен шаралары ашық экономикада көп
жағдайда тиімсіз болып қалады.
Ашық экономикада экономиканың ішкі жағдайының сипатын беретін
негізгі макроэкономикалық өзгергіштердің арасындағы өзара байланыстары
сыртқы әлемде болып жатқан үрдістер арқылы жүзеге асатын болғандықтан
айтарлықтай күрделенеді. Ал сыртқы сектор көрсеткіші болып табылатын
экономикалық өзгергіштер ішкі өзгергіштердің әсерінде болады.
Мұның бәрі көбейіп келе жатқан факторларды есепке алуды талап ететін
макроэкономикалық саясатты жүргізуді күрделендіре түседі.
Ішкі және сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз ету проблемасы тауарлық,
ақша және валюталық рыноктардың жұмысына жатады. Ішкі және сыртқы
тепе-теңдікке жету макроэкономикалық реттеудің маңызды проблемасы
болып табылады, кері жағдайда ішкі және сыртқы өзгергіштердің өзара әсер
етуін және де олардың бір-біріне кері әсер етуін назарға алу қажеттілігін
тудырады.
IS-LM
моделі - тауарлар мен қызметтер нарығын, ақша нарығы мен
қаржы активтері нарығын бір бүтінге біріктіретін базалық моделдің көрінісін
береді. Бұл пайыз ставкасын және табыстың деңгейін табуға мүмкіншілік
береді, осы кезде тауар және ақша нарықтары бір уақытта тепе-теңдікке
жетеді.
IS-LM
моделінде экономика екі секторға (немесе нарыққа) бөлінеді,
бұлар: өндірістік («шынайы») сектор және несие капиталының жыйнақталған
нарығындағы істердің жағдайын көрсететін ақша секторы. Бұл екі сектордың
озара ынтымақтастығы экономикадағы жиынтық сұраныс деңгейі мен
несиелік пайыз деңгейін анықтайды.
Өндірістік секторда аталмыш ел азаматтарының уақыт бірлігі ішінде
өндірген түпкі өнімнің көрінісін беретін жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)
жасалынады.
17
Егер де ЖҰӨ түпкі сұраныс компоненттері көзқарас тұрғысынан
қарастырылса, ол біріншіден, бір бөлігі жеке тұтынуға жұмсалған, екіншіден,
бір бөлігі жеке секторда жинақтауға кеткен (жеке валюталық инвестициялар),
үшіншіден, бір бөлігі жиынтық мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға
жұмсалған (мемлекеттік тұтыну және жинақтау) және де төртіншіден, бір
бөлігі сауда балансы (экспорт минус импорт) сальдосына тең соманың
көрінісін береді.
Материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөліп тарату және
тұтыну үрдісінде макроэкономикалық субъектілер арасында қалыптасатын
қарым-қатынас нәтижесінде жиынтық тұрде экономикада кірістер мен
шығындардың халықшаруашылық айналымын құрайтын тұрақты ақша
ағындары қалыптасады.
Барлық негізгі ақша ағындарының сызбалық кескіндемесі 4-суретте
көрсетілген.
4-сурет. Халық шаруашылығы айналымы.
Әрбір өнім ағынына белгілі бір ақша ағыны сәйкес келеді. Тауарды
игіліктер нарығында сату, өндіруші ақшалай кіріс алды, ал сатып алушы
ақша шығынын жасайды дегенді білдіреді. Халық шаруашылығы
айналымында тап осы шығындар мен кірістердің ақшалай ағындары есепке
алынады.
Схемада үш негізгі нарыққа кіретін — игіліктер, өндіріс факторлары
және қаржы нарықтарына енетін төрт макроэкономикалық субъектілер (үй
іші шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және шетел) атап көрсетілген.
Өндіріс факторлары рыногында үй іші шаруашылықтары мен фирмалар
кездеседі. Фирмалар нарықтық бағамен үй іші шаруашылықтарынан сатып
алған өндіріс факторларының көмегімен өндірілген игіліктерді сатады және
де оны сатудан Ү көлеміндегі кіріске ие болады.
Фирмалардың тапқан кірістерінің барлығы да еш қалдықсыз факторлық
кірістерге бөлініп орналастырылатындықтан үй іші шаруашылығы
факторларды сатудан Y көлеміндегі кіріс алады.
18
Үй іші шаруашылықтары алған кірістен мемлекетке
Достарыңызбен бөлісу: |