Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет41/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы
Декларанттың міндеттері

      Тауарларды кедендік декларациялау және тауарды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант:

      1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;

      2) егер Кеден одағының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация толтыру үшін негізге алынған құжаттарды кеден органына табыс етуге;

      2-1) кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде тапсырған кезде, тәуекелдерді басқару жүйесі кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды беруді көздейтін тәуекелдерді болғызбау және барынша төмендету жөніндегі шараларды берген жағдайда, осындай құжаттарды қағаз жеткізгіште және электрондық түрде ұсынуға;

      2-2) кеден органы талабының негізінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау кезінде электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз түрінде кеден органына табыс етуге;

      3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте белгіленген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша көрсетуге;

      4) осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге және олардың төленуін қамтамасыз етуге;

      5) тиісті кеден рәсімінде тауарларды пайдаланудың талаптары мен шарттарын сақтауға;

      6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет