Мүдделі тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы
1. Мүдделі тұлғалар және бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен, осы Кодексте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.
2. Кеден органы тауарлардан сынамалары мен үлгілерін алуға, егер мұндай алу:
1) кедендік бақылау жүргізуді қиындатпаса;
2) тауарлардың сипаттамаларын өзгертпесе;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден жалтаруға немесе тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға әкелмесе рұқсат береді.
3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне арналған жеке кедендік декларация олар тауарларға арналған декларацияда көрсетілген жағдайда берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |