|
|
бет | 5/42 | Дата | 13.05.2022 | өлшемі | 316,22 Kb. | | #142948 |
| Байланысты: тауартану ответ5. Тауар сипаттамасы.
Тауар түсінігі
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Маркетингте тұтынушылардың мақсаттық тобының қажеттіліктерін аса толық қанағаттандыратын, пайдалы қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Тауар түрлері
Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдар:
Тауар деп адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
Тауар деп еңбекке жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер олар жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады;
Тауар деп сатуға арналған заттарды айтады
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|