Тауарлы материалдық қорларға жалпы түсінік Тауарлы материалдық қорлар және оның жіктелуі



Дата09.12.2022
өлшемі30,32 Kb.
#162033
Байланысты:
крсав


Мазмұны
КІРІСПЕ
1.Тауарлы материалдық қорларға жалпы түсінік
1.1 Тауарлы материалдық қорлар және оның жіктелуі
1.2 Тауарлы-материалдық қорлардың бағалануы
1.3 ТМҚ түгендеу және оның құжатталуы
2.Тауарлық материалдық қорлар есебінің аудиті
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
2.2Тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.
2.3. Тауарлы- материалдық қорлар аудитінің қорытындысы
3.Тауарлық-материалдық қорлардың жетілдіру жолдары
3.1 Тауарлы- материалдық қорлар есебінің 1С Бухгалтерия бағдарламасында жүргізілуі

Кіріспе
Кәсіпорындардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін алған тауарлары, жолдағы тауарлары, аяқталмаған өндіріс, қосалқы бөлшектер, отын, ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар сол ұйымның тауарлы – материалдық қорлар (ТМҚ) түріндегі ағымдағы активтері т.б.Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару
2. Материалдардың қоймадағы және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау
3. Материалдық қор қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау
4. Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
5. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылғанн материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Материалдың түгел және дұрыс сақталуы, ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін мыналар жасалуы тиіс:-Материалдық қорларды сақтайтын қойма болуы қажет, материалдардың белгілі түрін сақтауға арналған болуы керек-Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқан соң қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей орналастырылуы қажет.Ұйым басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдарды белгілеп, олармен шарт жасайды.Еңбек заттары біртекті емес, өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар.Материалдар өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай:
- Шикізат
- Негізгі материал
- Көмекші материал
- Жартылай фабрикат және т.б бөлінеді.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар. Қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары т.б. есептеледі.ТМҚ жиі түрде баланс активтерінің неғұрлым маңызды және ірі баптары болып саналады. ТМҚ актив ретінде бухгалтерлік баланстағы компанияның өзін-өзі ақтаушылығына үлкен әсерін тигізеді. Сатылған тауарлардың ТМҚ қорларының құнын анықтауда фактор ретінде кәсіпорынның табыстылығына және оның түгендеуі туралы есепте көрсетілуіне әсерін тигізеді.ТМҚ деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және өндіріс сипаты мен қызмет түріне қатысты болады. Нақты тұтынушыға жұмыс істейтін өндірушілер, қорлардың төменгі деңгейін ұстап тұрады: дайын болуына қарай тауарларды тұтынушыларға жеткізіп беріп отырады. Егер де тауар тез бұзылатын (бүлінетін болса, онда субъектілер Саяқталмаған өндіріске үлкен сомада инвестициялар салады. Қорларды ұстап тұру қымбатқа түсуі мүмкін, өйткені оған қорларды сақтау құны, сақтандыру, ұрлық болған жағдайдағы шығындар, сондай-ақ ақша қаражаттарын уақытша қалпында сақтап тұрудан болған қаржылық шығындар кіреді. Екіншіден, қорлардың болмауы, яғни клиенттердің (тұтынушылардың) қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыру қабілетінің болмауы да, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъекті үшін қымбатқа түсуі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорлардың есебін кешенді зерттеу.Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыстың міндеттері тұжырымдалды:
- тауарлы-материалдық қорлардың экономикалық сипаттамаларын зерттеу;
- босалқылардың өзіндік құнын қаржылық есептілікте көрсете отырып, тауарлы-материалдық қорларды бағалау мәселелерін зерттеу;
- кіріс және шығыс запастарын есепке алу кезектілігін, сондай-ақ материалдық жауапты тұлғалардың қызметіне бақылау жүргізу тәртібін анықтау.
- тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу процесін автоматтандыру мүмкіндігін қарастыру.


1.1 ТМҚ түрлері мен жіктелуі
Қорлар-өндіріс циклінде қолдатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндіретін өнімге толығымен аударады. Тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
-шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар құрамдас, құрылғылармен тетіктер, отын, ыдыс(қап, қорап,жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындау арналған басқа да материалдық қорлар:
-аяқталмалмаған өндіріс;
-субъектінің іс-әрекеті сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру ғылыми-негізделген жіктемені, есеп бірлігін талдау мен бағалау өте маңызды. Қорлар тағайындалуына қарай былайша жіктеледі:
-негізгі материалдар шығарлатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн-нан пісіргенде, тері аяқ-киім тіккенде, ағаш-жиһаз өндірісінде) құрайды;
-көмекші материалдар өнлірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады(мысалы, бояулар,желімдер лактар және т.б.).
Есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіңдік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік стандарттарына сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы бұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару жіне т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитекалық есепте) бойынша көрсетіледі.Материалдарды алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарын және сатып алу бағасынан құралады.Есептік бағалар (жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасы мен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептілік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттағы есептеу арқылы айқындалады.Баланста материалдар есебі нақты құн бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте-тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы-есептік) есептеледі.Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік дайындау шығындары қосылып шығарылады. Бухгалтерлік есеп стандартқа сәйкес көліктік дайындау шығындары құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдармен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды жеткізу шығындары, дайындау орындарына арнайы ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алумен байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендігі субъектінің жүргізушілері, жүк тиеушілері) және іс-сапар шығындары кіреді.Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептелініп шығарлады. Жоспарлық-есептілік бағаларды көліктік дайындау шығындары жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан матеиалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (көліктік дайындау шығындары мен ауытқуар талдаушы есеп шотарында жекелей ескерледі) үйлесімді (пропорционалды) жоспарлық-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.«Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, олардың қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік дайындау шығындары кіреді».Өндіріске босатылған материалдар құның анықтаған кезде «Қорлар есебі» «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолдануы мүмкін:Фифо-есепті кезең соныңда есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соныңда пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.Орташа өлшемді құн бойынша-есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру - әдетте өзара бірін–бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлық-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі (жұмсалған материалдарды бағалау маұсатымен әрбір партияны түгендеуді өткізуге жалғасқан, материалды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар болса, қолданылады).Қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті түсім таңылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп көрсету.Шикізат пен материалдар-1310 «Шикізат және материалдар»Аяқталмаған өндіріс-дайын болу дәрежесіне жетпеген өнім, кейіннен соңына дейін дайындалатын жартылай фабрикаттар-1340 «Аяқталмаған өндіріс»Кәсіпорын шығарған және сатуға арналған дайын өнім мен тауарларАяқталған, бірақ сатылмаған тауар бірліктеріне жататын шығындар есептік кезеңнің аяғында корлар бабындағы – 1320 «Дайын өнім». Қайта сату үшін сатып алынған не сақталған тауарлар — 1330 «Тауарлар».Қорлар есебiне бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1300 ден 1400-ге дейінгі шоттар қарастырылған.Қорлар компания балансында актив ретінде танылады. Кәсіпорынға болашақта экономикалық пайда түсуін көздейді. Кәсіпорын айналымында болуы үш сатыдан өтеді:
• кiрiске алынуы;
• өңдеуден өтуі және өткізуге дайындалуы;
• өткізілуге дайын өнім қалыптасуы және сатылуы;
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс цикiлiнде қолданатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
• шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс(қап, қорап, жәшік т.б) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
• аяқталмаған өндіріс;
• субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми-негізделген жіктемені, есеп бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды. Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (ДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықту: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдырумақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.Материалдық қорлар былай жіктеледі:
• негізгі материалдар - шығарылған өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн-нан пісіргенде, тері-аяқ-киім тіккенде, ағаш-жиһаз өндірісінде) кұрайды;
• көмекші материалдар - өндірілетін өнімдерге белгілі бір қасиеттер дарытады (мысалы, бояулар, желімдер,лактар және т.б.).
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың Бас жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес) мынадай топтарға жіктеледі: 1311 «Шикізаттар мен материалдар» шотында - субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оның өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі. 1312 «Басқа да өңдеуге берілген материалдар» шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады. 1313 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталған бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары» шотында – сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды. 1314 «Отын» шоты – көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті катты (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысына есепке алуға арналған. 1315 «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шотында — ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және басқа) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы), содай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар, т.б.) арналған материалдар мен тетіктер есептелінеді. Вагондарды, бирикаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамассыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар. 1316 «Қосалқы бөлшектер» шоты – жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың, түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады. 1317 «Құрылыс материалдары» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструктиялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т.б) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар жоғы мен қозғалысы ескеріледі. 1318 «Басқа да материалдар» шотында өндіріс қалдықтары бағаш кескінділері, қиындылар, жаңқа т.б) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерді таңдау, қорларды бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін ол дәйекті түрде бір есепті кезеңнен соң екіншісінде қолдануы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін бір ғана тәсілді қолдануға болатыны есте ұстау қажет. Бағалау тәсілдерін таңдауды субъектінің есеп саясаты белгілейді.

1.2 ТМҚ бағалануы
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
ФИФО әдісі
ЛИФО әдісі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі . Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материал мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі.ФИФО есептен шығарыл,ан материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіедік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
ЛИФО әдісі. ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағыдаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
1.3 ТМҚ тугенделуі және құжатталуы
Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізіледі:Жылдық есеп беру алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізі алады.Материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) тағы да басқа жағдайларда жүргізіледі. Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырады және басқарып отырады.
Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын, яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдардында түгендеу керек.Түгендеу – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері және материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып, кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтіні тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуға тиіс. Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталанбас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдардың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кему мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қолданылады. Егер кейбір материаладр бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын, кінәлі адамдардан өтелуі тиіс. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлщерінен артық кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен кәсіпорынның шығындарына қосады. Кей жағдайда материалдардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдері алмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материалдардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан материалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек. Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен өндіріледі.
Материалдық қорлардың келіп түсуімен, орына уыстыруы және баосатылуымен байланысты барлық операциялар сәйкес алғашқы құжаттармен толтырылады.Материалдық қорлардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талаптапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады. Сенімхат. Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып,қолхат алу арқылы береді. Материалдық құндылықтардың алынғандығын,берілген сенімхаттаоды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркейтін субъектілер қолданады.Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы. Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады.Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.Кіріс ордері жабдықтаушылардың немесе өңделгеннен кейін ұйымға келіп түсетін қорларды есепке алуға қолданылады. Қорлар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады Материалдардың қабылданғаны туралы акт. Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықта қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлықкөліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға жіберіледі.Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалу, сақталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі Акт. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорлардың дайындалу, сақталу немесе өндіру проценсінде жоғалғаны анықталған кезде қолданылады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансына шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз болады.Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасытолтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісірел қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімде қалады.Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы АКТ. Ұйымның қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өнделгеннен кейін оларға табиғишығын нормалары қойылған болса, осы АКТ жасалады.Қорларды қабыдауды жүргізген кезде жасалынған актіге, кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасын бухгалтерияға өткізеді, себебі акт қорлардың жоғалуына материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың есебінен шығарып тастауға негіз болып табылады, 2-ші дана қоймада қалады.Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы АКТ. Кәсіпорында бүлінуідің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандауға және шығарылуға тиіс қорлардың (тауарлардың) есебін алу үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады да, қол қойылады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлдардың жоғалуына материалдық жауапты кісілерден шығарып тастауға негіз болады, 2ші данасы бөлімшеде қалады.Лимиттік-жинақтама картасы. Өнімді дайындаудаүздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы бақылау үшін және қоймадағы материалдық қорларды, шығарып тастауға негіз болатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номанклатуралық нөмірлердің) бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа- қорды пайдаланушыға, 2-сі қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорларды қойма, цех өкілі лимиттікжинақтама картаның өзіне тиесілі данасын көрсетенде ғана босатады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимиттің қалғанын анықтайды.Талап ету тұтыну қажеттілігі тұрақты емес материалдарды алуға толтырылады, оларды екі данада толтырады: біреуі(алушының қолхатымен)қоймада қалады, екіншісі (қоймашының қолхатымен( алушыда болады.Накладнойлар өндірісте пайдаланылмаған материалдар мен бөлшектердің, тетіктердің қоймаға қайтарылуы, ішкі орын ауыстыруы кезінде материалдардың орнын ауыстыруы кезінде материалдардың қозғалысы есептеу үшін қолданылады.Сыртқа материалдар босату накладнойлары жабдықтау бөлімімен екі данада толтырылады: біріншісі қоймаға жіберіледі, екіншісі материалдар алушыға беріледі. Материалдар босатылған соң накладной алушының қолхатымен бухгалтерияға шот-фактура жазу үшін табыс етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет