Ядролық қару орталығы



Дата08.02.2022
өлшемі44,39 Kb.
#121738
Байланысты:
Атом бомбасы


Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]
Ядролық қару орталығы
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.
Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп,
көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегікүйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауырдәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл
дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады

4. Өтпелі радиация
Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімгеұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де
орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегікүйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен ондаорналасқан нысандардың радиоактивтізақымдануы ядролық жарылыс бұлтынанжәне радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.

5. Электр-магниттік импульс
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен
байланысты болды. 20 ғасырдың 40жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.
Жарық сәулесімен зақымдану дегеніміз ядролық қару жарылған кезде түзілетін сәулелік энергия ағыны.Ядролық жарылыс кезіндегі жарық аймақтың ауа температурасы жарық шығарудың бас кезіндегі млн . градусқа дейін жетіп,соңына таман бірнеше мың градус шамасында болады.Жарық сәуле лезде таралады да, қысқа мерзім ішінде әсер етеді.Сәуле шығарудың зақымдаушы әсері жарық импульсімен,яғни сәуле шығару кезіндегі сәулелердің бағытына перпендикуляр орналасқан 1 см кв. бетке келетін жарық энергиясының мөлшерімен сипатталады.


Ядролық қару– адамзаттың қас жауы. Бейбіт күнде өмір сүріп жатқан адамдар үшін бұл қарудың ауыртпалығы үлкен. Түскен жерінде бір шөп, бір қыл өсірмейтін, тіршілік көзін жойып жіберетін қарудан қазір әлем үрейленіп отыр. Сонымен үрей тудыруға әкелген қаруды әлі күнге дейін пайдаланатын және өндіріп жатқан елдер бар. Тіпті олардың алдыңғы бестігі сол қаруымен әлемді алақанда ұстап отыр.
Франция
Өзінің алғашқы ядролық қаруын 1960 жылы сынады. Содан бері елдің ядролық қаруға деген ынтасы бар. Тіпті бас тартуға ниетті емес. Кейбір дерек көздеріне қарағанда аталған елде ядролық қару ретінде саналатын 290 жуық атқылаушы бомбы бар.
Ұлыбритания
Ұлыбритания өзінің суық қаруын ең бірінші болып 1952 жылы сынап көрді. Алғашқы сынақтан өткен ядролық қару «Ураган» деп аталатын жоба негізінде жүзеге асқан. Дәл қазіргі кезде олардың саны – 250. 
Қытай
1964 жыл ең бірінші рет Қытай елінің ядролық қару сынақтан өтті. БАҚ беттеріндегі мәліметтер мен қарулы күштерінің беретін есебіндегі ядролық қарулардың саны өте аз деп болжайды сарапшылар. Олардың ядролық қару жасаудан АҚШ елін басып озары анық деп күтіліп отыр.
АҚШ
Әлемдегі ең қуатты әскери техника және ең қуатты әскермен жабдықталған АҚШ жерінде 7500 ядролық қару түрі бар.
Ресей
Әлемде бірінші орында тұрған, ең алпауыт әрі ең қуатты, ең қауіпті ел бұл – Ресей. Аталған ел өзінің ядролық қаруын ең бірінші болып 1949 жылы сынақтан өткізді. Естеріңізге сала кетейік, бұл сынақтардың көбі Қазақстан даласында жүзеге асқан. Олардың ядролық қару саны – 8500. Ал Ресей мен АҚШ елінің ядролық қаруды күшейтіп дамытуы екі жақ бір-біріне қыр көрсетуімен суреттеледі. 

Біздің еліміз ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, оны қайта пайдаланудан түбегейлі қол үзген ел ретінде әлемге танымал.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет