138
береді:талап ететін сапалардың даму дең-гейін диагностикалау және осы
сапаларды тәрбиелеу.
Тәрбиелеуші жағдаят – табиғи немесе тәрбиеленуші әрекет ету-ге
және өзінің әрекеттерінде өз бойындағы белгілі бір сапалардың қалыптасу
деңгейін көрсетуге мәжбүр болуға әдейі жасаған жағдай.
Соңғы
жылдары
педагогикада
проблемалық
тәрбиелеуші
жағдаяттарды жасауға көңіл бөлуде. Осылайша балалар алға қойылған
мәселені шешуге мәжбүр, ал тәрбиеші бұл кезеңде ұжымның және оның
әрбір мүшесінің қандай жағдайда болатынын айқындап, нә-тижесінде
тәрбиелік үрдісті дұрыс құратын болады.
Тәрбиелік баға негізіне
оның жекелеген сапалары емес, тұл-ғаның
жалпы адамгершілік бағыттылығы жатқызылуы керектігін әр-қашан есте
сақтаған жөн.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-
қатынас құралы ретінде.
Мектептегі педагогтар мен оқушылар ара-сындағы
өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, мо-ральдық
қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып,
шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқу-шылар арасындағы
қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөз-бен айтар болсақ,
педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-
қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсете-ді, ол оқушылардың
педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрмет-теп, мүмкіндігінше сондай
педагогқа ұқсауға еліктейді.
Мұғалім оқыту үдерісінде, оқу бағдарламаларын іске асыру бары-
сында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушы-лардың
оқу әрекетіне, еңбекке оқушылармен саналы қарым-қатынасын қа-
лыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен
белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негі-зінде
дамытады. Оқушының
өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай
, кез келген
күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қа-былдай алмайды.
Педагог осы жағдайды педагогикалық үдерісті бас-қару ісінде ескеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: