213
Кәсіби диагностикалық жұмыс
арнайы мамандардың олардың мінез
құлқын зерделей отырып, жастардың таңдаған кәсібіне жарам-дылығын
белгілі әдістер арқылы тексеруі көзделеді. Жоғары жүйке жүйесінің
ерекшеліктері, денсаулығы, қызығушылығы, мотиві, құн-дылық бағдары,
мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.
Кәсіби кеңес
арнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер, сала
мамандары) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптар-мен, жеке
басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.
Кәсіби таңдау
жеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті маман-дықты
таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға
түсушілерге қоятын талаптарына сай болуы.
Кәсіби бейімділік
мектеп түлегінің кәсіби қызметке араласуына,
өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың
ерекшеліктеріне бейімділігі. Адамның бейімділік сапасы мамандық-тың
дұрыс таңдалғанын көрсетеді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.Кәсіптік бағдар
жұмысында тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы негізгі орын алады.
Егер мектепте тұлғаның оқушылардың жас ерекшелік-теріне сай, кәсіби
таңдауы дұрыс қалыптасса оның өмір жолын айқын-даудың негізі
қалыптасты деп тұжырымдауға болады. Мектептің әр са-тысына қарай
жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі сала-дағы жетістіктерінен
оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.
Бұлретте тәрбиенің ұстанымдары: теория мен практиканың, ғылым
мен білімнің, адам мен табиғаттың бірлігі, еңбекке деген сүйіспеншілік, өзін
-өзі дамыту, жетілдіру негізінде дамиды.
Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша сынып жетекшілері мен
педагогтардың
Достарыңызбен бөлісу: