Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген



Pdf көрінісі
бет26/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген.
Мұғалімдерге баланың 
мінез-қүлқының, дуниетанымының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, 
жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі сеніп тапсырылған. 
2.2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының 
моделі ретінде.
Адамзат тарихындамұғалім тұлғасына қойылатын талаптар 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларға байланысты 
өзгеріп отырған. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық 
сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр Әл-Фараби 
еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі. Ол мұғалім 
бойында шыншылдық, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, 


23 
ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты 
қасиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-құлық 
нормасы қандай болуы жайлы былай деп жазады: 
«..ол тым қатал да 
болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым 
қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру 
– ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті 
селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVIIғ.) 
«Мұғалімдергеең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары 
тұрған еш нәрсе жоқ
» - дей отырып, балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында 
мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің 
орындалуын талап еткен. 
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар 
А.Дистервег, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, 
Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар 
еңбектерінде ерекше қарастырылады.
П.Ф.Каптерев 
мұғалімдердің 
адамгершілік 
қадір-қасиеттерінің 
маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің тұтас 
жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» 
қағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың күрделенуіне байланысты 
педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала 
бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар 
Ф.Н.Гоноболин, 
Н.В.Кузьмина, 
А.И.Щербаков, 
В.А.Сластенин, 
Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды. 
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның 
педагогикалық еңбекке 
кәсіби даярлығы
ретінде қарастырады. Ол 
даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық, физиологиялық, 
даярлықтарымен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзыреттілігін 
жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет