Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет48/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
1.
«Индвид»,
«
даралық», «жеке тұлға» 
ұғымдарының айырмашылықтары неде? 
2.
Жеке тұлға құрылымының иерархиялық деңгейлері қандай?
3.
Ұстаз беделі қандай компоненттерден құралады? 
4.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері 
қалай сипатталады?
5.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін құрайтын іскерліктердің қайсысы өз бойыңызда 
жақсы дамыған деп ойлайсыз? 
4-тақырып. 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ҮРДІС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІ
 
 
4.1. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік.
Әрбір адам 
әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады, 
тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды 
сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта 
болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі 
факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса,
қарым-қатынас

қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылымаралық ұғым ретінде 
қарым-қатынас
-өзара іс-әрекеттер 
қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара 
түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды 
орнатудың және дамытудың күрделі үдерісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі 
таңда 
зерттеуші-ғалымдарқарым-қатынастыңтүрлі 
қырларынқарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны 
дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. 
Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар 
саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-
Каликтің, 
А.А.Реанның, 
Н.Е.Щуркованың, 
А.И.Щербакованың, 
Ш.А.Амонашвилидің, 
Я.Л.Коломинскийдің, 
И.А.Зимняяныңт.б. 
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-
қатынас феноменін 
іс-әрекет түрі
ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет 
формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-
әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес 
ұғымдар. 
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны 
жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын
тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру
үдерістерін қарым-
қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан 
педагогикалық 
қарым-қатынас–педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік 
негізі 
болып табылады.


46 
В.А.Сластениннің пікірінше, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет