Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет175/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)
2 дәріс Атомдық физика, дәріс тезисі, экологияға құқылымыз, Т апсырмалар 1а. Кестені ай жолы графиктен д рыс, Абай және Шығыс әдебиеті, Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып), Sadyrova MS tests
тәрбиелілік дәрежесін
аныктау, олардың білімі мен 
мінез-құлқының біздің демократиялық құқылық қоғамда қабыл-данған 
негізгі өлшемдерге сәйкес келетінін, не келмейтінін айқындау болып 
табылады. 
Оқушылардың 
тәрбиелілігінің басты өлшемі
– олардың іс-әре-кеттері. 
Оқушылардың тәрбиелілігі күн сайын және сағат сайын тек-серіліп 
отырылуы тиіс. Тәрбиеленушінің кез келген қылығы, оның мінез-құлқы, 
үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы, оның тәрбиелілік деңгейін 
сипаттайды. 
Оқушының 
тәрбиелілік деңгейін дұрыс бағалау
- оның өмірінің түрлі 
жағдайларындағы әлеуметтік қарым-қатынастартарындағы мі-нез-құлқына 
әділ баға беру болып табылады. 
Педагог оқушыларды зерттеуге кіріскенде нені зерттейтінін, не 
нәрсеге көңіл бөлу керектігін өзі айқын біліп алуы керек. Оқушының 
тұлғалық қыры неғұрлым кең және жан-жақты зерттелетін болса, со-ғұрлым 
оған дұрыс жол табуды қамтамасыз ету жеңіл болады. 
Оқушыларды зерттеудің үлгі бағдарламасы: 
- оқушы туралы жалпы мәлімет, аты-жөні, туған жылы, айы, күні; 
- жалпы даму деңгейі (жоғары, орта, төмен); 
-әлеуметтік- адамгершілік келбеті, еріктілік, еркіндік негізінде 
атқаратын жеке-топтық жұмысы; 
-жеке басының негізгі белгілері; 
Тәрбиелілік деңгейді бағалауға пайдаланылатын диагностика-ның 
кейбір тәжірибелік әдістерінің мазмұнын ашып көрейік (тәрбие-
ленушілердің мінез-құлық қалыптары жөніндегі пікірлері, түсініктері, баға 
беруі, өзін қызықтыратын басқа да мәселелердің көрінісін баға-лаудың 
өлшемдері мен ережелері туралы түсініктері зерттелінеді). 
Тәжірибеде бәрінен гөрі “Адамға адамгершілік неге керек?” жә-не т.б. 
сұрақтар пайдалынылады. Оларға берілген жауаптар түрлі са-паларды 
тәрбиешіге және тәрбиеленушінің өз қасиеттерін жақсы тал-дауға және 
оларды санада сақтауға көмектеседі. 
Бағаланған пікірді айқындау үшін оқушыларға “Менің заман-дасым 
маған несімен өнегелі?”, “Қайырымдылық және оны мен қалай түсінемін?” 
т.б. тақырыптарға шығарма жаздыртуды кеңінен қолдану-ға болады Бұндай 
жұмыстар оқушылардың көзқарасын, күмәндәрін, толқуын және ой-
пікірлерін көрсетуімен құнды. Басқа әдістердің де, соның ішінде оқушының 
ішкі көзқарасын анықтауға көмектесетін со-циометриялық әдістердің 
диагностикалық мәні зор. 
Диагностикалық әдістердің кешені
ғана 


223 
оқушылардың бойында қажетті тұлғалық сапа-ларының қалыптасуы туралы 
түсінікті дұрыс құруға мүмкіндік береді. 
Оқушылардың тәрбиелілігінің негізіне Л.С.Выготскийдің бала-ның 
жас ерекшелігі мен жеке бас қасиеттерінің дамуы туралы негізгі ұстанымын 
басшылыққа алуға болады. Бұл ұстаным бойынша, оқу-шылардың тәрбиелік 
деңгейін анықтауда баланың әр жас кезеңіндегі орталық психологиялық жаңа 
құрылымының, яғни 
өзіндік санасының қалыптасуын
ескеруді керек етеді. 
Оқушылардың өзара қарым-қаты-насы олардың тәрбиелік деңгейін 
анықтауда басты рөл атқарады деп түйіндейді.
Оқушының тәрбиелік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген бі-лім, 
білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және әдептілік-адамгершілік 
қарым-қатынастағы жеке басының мінез-құлық көріні-сімен анықталады. 
Олай болса, 
тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші
әр сыныпта өзгеріп 
отыратындықтан, педагогикалық тұрғыдан субьек-тивтік баға беріледі.
М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негіз-гі 
сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы,
әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке 
қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б.
алынады. 
Диагностика - объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйе-ге 
талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, 
нәтижесін айқындау. Педагогикалықдиагностика тұлғаның даму үдерісін 
зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез - құлқын, іс - 
әрекетін, тұлғаралық қарым - қатынастарына талдау жасау.
Тәрбие 
диагностикасыдегеніміз
тұлғаның білімдік жә-не тәрбиелік деңгейлерінің 
сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып,
өсу деңгейлерін айқындайды.
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен 
жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның 
әлеумет-
тенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен
қасиеттерін негізге аламыз. 
 
Әлеуметтенуі
- дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары, 
еңбекке 
қатынасы, 
ұйымдастырушылығы, 
қоғамдық 
белсенділігі; 
тәжірибелік
- ғылымилық, шеберлік,
зиялылық -
қа-былдауы, ақылы, есте 
сақтауы, ерік - жігері,
туа біткен қасиеттер
- жүйке жүйесі, мінезі,
бейімділік қасиеттері. 
Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен 
шарттары.
Педагогикалық - диагностикалық эксперимент
құрылы-мына
бастапқы зерттеу, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау, са-лыстыру, 
қорытындылау, бекіту қамтылады. Диагностикалаудың әдіс-темесіне, әдіс - 
тәсілдеріне сүйене отырып, бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме, 
әңгімелесу, интервью, тест, контект талдау т.б. әдістер негізінде 
эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді.


224 
Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдіс-тердің 
бірі контент-талдау әдісі, зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма, 
хат, эссе жазу арқылы оқушының іс - әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. 
Жиі жүргізілген контент - талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық 
сыпаттама бере аламыз.
Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест 
жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест 
әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағыт-талған,
жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, крите-риалдық - 
бағытталған т.б.
Н.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагнос-тика 
жүргізуде төмендегі
шарттарды ескеру
керектігін ұсынады:
- сапалық және сандық сипаттама жасау ( жасы, әлеуметтік жағ-дайы, 
мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары); 
- зертелушініңсапалық және сандық сипаттамасын бағалау кри-
терийлерін құрастыру; 
- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты жиі 
кездесетінін айқындау;
- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу; 
- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жол-дарын 
көрсету; 
- зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені наси-
хаттаудың қажеттілігін негіздеу. 
Тәрбие 
жұмысы 
тиімділігінің 
психологиялық-педагогикалық 
диагностикасының 
әдістері.
Педагогикалық 
– 
психологиялық 
диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, син-тез, 
жобалау, индукция, дедукция, идеалдау, ойша эксперимент, са-лыстыру, 
жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б. қамтиды.
Нақты жүргізілген педагогикалық - диагностикалық экспери-мент 
педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді. Мек-тептегі 
педагогикалық эксперимент тұлғалық қатынасқа, жас ерек-шелікке,
анатомиялық - физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса 
мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте диагнос-тика жүргізгенде мектепке 
дейінгі, кіші мектеп жастындағы, балалық шақ, жоғарғы мектеп жасындағы 
аралықтарды нақты белгілеп жас ерек-шелігін негізге ала отырып 
жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді.
Тәрбие жүйесінде 
сапа критерийлеріне
жүйенің қойылған мақ-сатқа 
жақындау 
дәрежесі, 
мектептің 
жалпы 
психологиялық 
климаты, 
оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің 
алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыс-
тарының нақты іске асуы, оның тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгей-
лерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни, тұлға-ның 
дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғы-лыми 


225 
зерттеу жұмыстарында оқушылармен жүргізілген тәрбиелік -диагностикалық 
зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін төмен, орта, жоғары деп үш деңгейлерге 
бөліп қарастырылады.
Педагогикалық диагностика барысында тұлғаның бойында ада-ми 
құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің кешенді жүргізілуі, мақсаты, 
міндеттері, мазмұны, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске 
асуы 
көзделеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет