Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі



Pdf көрінісі
бет171/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі
. Жеке бастың 
қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана 
қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады.
Жағымды өнеге көрсету
әдісінің негізінде еліктеу жатыр. Еліктеу 
жоғары мұратқа қол жеткізетін жаңа іс-әрекет қалып-тастырады. Еліктеу 
арқылы жастардың әлеуметтік-адамгершілік қа-лыптары мен қоғамдық 
әрекеттері қалыптасады. Оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-
адамгершілік тәжірибесіне, сана-сезіміне қа-рай еліктеу әрекеті өзгеріске 
ұшырайды.
Жаттықтыру әдісі.
Жеке бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса 
маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-
құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін 
жаттықтыру, қайталап үйрету қажет.
Жаттықтыру әдісі – тұлғаның бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, 
мінез-құлықты сіңіру, оны қалыпты мінез –құлық дағдысына біртіндеп 
айналдырып қалыптастыру. 
Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау
әдісі дегеніміз - 
тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп баға-лай 
білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қа-рама-қарсы 
жазалау
, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды 
жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал.
Жазалау әдісіне
мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс 
жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбие-лейтін 
арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң 
әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн. 
Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі.
Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе 
еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік ма-ңызы зор. 
Талап 
қою 
дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - 
баланың жауапкершілік сезімін ояту. 
Бақылау әдісі
дегеніміз - баланың іс-
әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға 
ынталандыруды көздейтін әдіс. Олбелгілі тапсырмалар мен талаптарды 
орындауға бағытталады. Ал оны 
орын-дату құралына
баланың күнделікті 
мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмы-сын бақылау, тапсырмалардың орындалу 


218 
барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының 
алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-
әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет