Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі . Жеке бастың
қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана
қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады.
Жағымды өнеге көрсету әдісінің негізінде еліктеу жатыр. Еліктеу
жоғары мұратқа қол жеткізетін жаңа іс-әрекет қалып-тастырады. Еліктеу
арқылы жастардың әлеуметтік-адамгершілік қа-лыптары мен қоғамдық
әрекеттері қалыптасады. Оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-
адамгершілік тәжірибесіне, сана-сезіміне қа-рай еліктеу әрекеті өзгеріске
ұшырайды.
Жаттықтыру әдісі. Жеке бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса
маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-
құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін
жаттықтыру, қайталап үйрету қажет.
Жаттықтыру әдісі – тұлғаның бойына қажетті жағымды іс-әрекетті,
мінез-құлықты сіңіру, оны қалыпты мінез –құлық дағдысына біртіндеп
айналдырып қалыптастыру.
Мадақтау және жазалау әдістері.Мадақтау әдісі дегеніміз -
тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп баға-лай
білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қа-рама-қарсы
жазалау , баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды
жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал.
Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс
жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбие-лейтін
арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң
әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн.
Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе
еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік ма-ңызы зор.
Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою -
баланың жауапкершілік сезімін ояту.
Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-
әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға
ынталандыруды көздейтін әдіс. Олбелгілі тапсырмалар мен талаптарды
орындауға бағытталады. Ал оны
орын-дату құралына баланың күнделікті
мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмы-сын бақылау, тапсырмалардың орындалу
218
барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының
алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-
әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.