Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тәрбие әдістерінің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет170/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

5.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру 
– тәрбиенің ең маңызды 
әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйым-дастыру ісін 
олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске 
саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырады. Сендіру 
әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық үдерістегі көп қырлылығы 
мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педа-гогтар зерттеп, тереңдетті. 
Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы 
жағымды мінез-құлықты қалыптас-тыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие 
әдісі»,- деп көрсетеді. 
Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы ке-летін іс-
әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы 
тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын ке-шенді түрде жүргізеді. 
Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық 
түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар 
мен айтыстарда кеңінен қолданады. 
Cендіру
әдісі - балаларды иландыру 
керек, кейбір нәрселерді ұғымды, түсінікті, иланымды етіп айту керек. 
Н.И.Болдырев: «Сендіру дегені-міз - тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, 
еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, оны жағымсыз 


217 
қылықтарынан арылтып, жағымды моральдық санасын қалыптастыру 
мақсатын қояды. Бұл әдіс тәрбие-ленушінің көңіл-күйіне әсер ету арқылы 
жеке адам ретіндегі баланың сана-сезімін қалыптастырады» - деп көрсетеді. 
Сендіру барысында тәрбиеші оқушылар бойында әлеуметтік жә-не 
адамгершілік құндылықтары мен өмір шындығына қатынасын қа-
лыптастырады. Оны қалыптастыру алынған ақпаратқа ғана тәуелді емес
сонымен бірге таңдап алынған әдіске байланысты. Иландыру материалдары 
дәлелді болып, оған олардың көзі жетсе, пікірталас барысында оқушы өз 
пікірін тиянақтап, меңгерген идеясы сенімге айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет