6.2.Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компо- ненттері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен
ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары,
әдістері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты-болашақ азамат-тарды ізгілікке, өмірде
өз орнын таба білуге, алдында кездесетін ке-дергілерді жеңе білуге, белсенді,
өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты
отбасын құруға бағдарлан-ған тұлға тәрбиелеу.
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың
маңызы ерекше. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
Отбасы тәрбиесінің
міндеттері: - баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілуге, айналасымен,
өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қа-тынас
құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылық-тарын
санасына сіңіру;
- отбасы мүшелерінің тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін –
бірі тыңдап, ата – ананы, туған – туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет
тұтуға үйрету;
- балананы адамгершілік және эстетикалық, еңбексүйгіштік жағынан
қалыптастыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
-
баланың денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру.
Отбасы тәрбиесінің
мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай
тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін
қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу,
әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім
қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениет-тілікке тәрбиелеу.
Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымды-лық, қамқорлық қасиеттерін
бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста
қалай пайдаланылатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы
мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын
дамыту.
Отбасындағы тәрбие формасы екі түрлі болады:
ұжымдық және жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ұжымдық тәрбиеге отбасы
мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс-шаралар, ал жеке тұлғалық
қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілі-гімен орындалатын
істері жатады.
Отбасында қолданылатын
тәрбие құралдары орасан зор. Олар ата-
ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасындағылардың
өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат,
қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктер, т.б.