Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Отбасының қызметтері, типтері



Pdf көрінісі
бет182/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

6.3.Отбасының қызметтері, типтері. 
1. 
Отбасы құрамын анықтау: 
-
құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-анасы 
ажырасқан отбасылар; 
-
тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі; 
отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.
 
2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты: 
-
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табыса-тын, 
тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа толы, моральдық 
қыры төмен;
 
-
отбасы мен бала арасындағы қатынас -көз бояушылық, қамқорлық 
таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрай-ды қатынас 
орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапершілігіне жүктелген қатынас, 
өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру;
 
-
баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, 
отбасы мүшелері баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның 
арасындағы дау-жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, 
оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесі-нен қорқу, өзіне 
сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.
 
3
. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі : 
-«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды 
жақсы көремін»;
 
«
Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір 
сүреді»; 
«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен 
барлық жан-тәнніммен жақындасқым келеді»; 
«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан 
мені де мазаламаңдар». 
Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды. 
4. Баланың ата-анасына қатынасы: 
отбасылық қарым-қатынас маңызды; ата-аналары беделді; бала-ға 
немқұрайды қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы 
мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді. 
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықтарды жеңу 
үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол 
жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
 
Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері: 
Диагностикалық 
– отбасында шешілмеген күрделі мәселелерді, ата-
ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау. 
Консультация жүргізу 
– мектепте ата-аналардың түрлі сұрақ-тарына 
жауап беру түрлерін ұйымдастыру. 
Ата-аналардың тілегі бойынша
белгілі бір оқыту формалары мен 
әдістерін ұйымдастыру. 


237 
Мониторинг кезеңі
, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге 
асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда 
келтіргенін бақылау және жетілдіру. 
1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды
балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту. 
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен
отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу; 
- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру 
мәдениетін қалыптастыру. 
2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекет-тестігі: 
- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету; 
- «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-аналарды
кеңінен араластыру. 
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-ана-лармен 
түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өт-кізеді. Мектепте 
педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты 
қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау 
барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне 
айналдырған абзал. 
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды 
болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен 
ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ 
жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама 
жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады. 
3. Ата-аналар жиналысын өткізу. тақырыптары: 
«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз 
балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адам-ның 
өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адам-дарының 
өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі 
жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б. 
4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру. 
-
үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақтау, 
халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және 
мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке
толмаған балалар инспекциясы; 
-
отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру 
орталықтары, балалар үйі, психологиялық-медициналық қыз-мет, отбасымен 
жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психонев-рологиялық диспансер 
т.б.; 
-
басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім 
беру жүйесінің педагогтары т.б. 


238 
5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: 
ата-
ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыс жағдайына 
және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек 
көрсету шараларын қарастыру; олардың құқығын қорғау; құқық-тарымен 
таныстыру; 
К
өп балалы отбасылар:
мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және 
материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізуге 
кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру; 
Толық емес отбасылар:
қосымша көмек алу жағдайын қарасты-ру, 
психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың 
алдын алу, тәрбиеге практикалық жағынан көмек беру, заң-мен қаруландыру. 
Күрделі отбасылармен жұмыс:
отбасы мәселелерінің даму-үрдісін 
зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, 
құқықтық құжаттармен таныстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет