Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы



Pdf көрінісі
бет227/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы 
туралы жаңа білімді алу әдісі.
Сабақтыталдау және бағалау педагогикалық 
шығармашылықта маңызды элемент больш табылады. Өз жұмысыңды 
талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы. Оның сапасы әр түрлі 
факторларға, атап айтсақ, мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына байланысты. 


291 
Талдауды келесі сабаққа дейін неме-се сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы 
кезде мұғалімсабаққа дайын-далғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.
 
Педагогикалық әдебиеттерде сабақты әр қырынан талдауға 
баяндалған. Мұғалімнің сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің іші-нен ең 
қолайлысы Т.А. Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады. Олмұғалімге өз 
сабағын талдауға баға берудің 10 түрлі өлшемдерін
БӨЛІП
қарастырады.

Сабақтың жалпы құрылымы; 
Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру; 

Оқу үдерісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру; 

Сабақ үдерісіндегі тәрбие; 

Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау; 

Оқыту әдістерін талдау; 

Мұғалімнің сабақтағы жұмысы; 

Сабақтағы оқушының жұмысы; 

Сабақтың гигиеналық жағдайлары; 

Кейбір арнайы тапсырмалар. 
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1.
Қазіргі сабақтың теориясына тоқталыңыз.
2.
Сабақтың негізгі компоненттері мен міндеттерін атаңыз. 
3.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды түзіңіз. 
4.
Сабақтың дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасын ашыңыз. 
5.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларына тоқталыңыз. 
 
11-тақырып. 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
 
11.1.Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік.
Мұғалім мен мек-теп 
жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған 
жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер 
жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау 
барысында сабақтағы мұғалім мен оқушыныңәрекеті түрлілігіне назар 
аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдіс-темесі деп атаған. 
Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіргенді қолданады, 
оқушылар материалды өз бетінше оқып үйре-неді – бұл жұмыс әдісі; оқушы 
практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, 
мұғалім сабақта көрнекі материал қолданады - иллюстрация әдісі т.с.с. 
 
Е.И. Перовский, Н.М. Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, 
көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов оқыту 
әдістерін білім aлy әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білік, 
дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінің 2 тобын 
көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және енжар оқыту әдістері. Тілдік
әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар 
мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан, 
көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп 
қарастыруда. 


292 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет