Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі. «Метод» (әдіс) термині - гректің
«method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету
жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практи-када мұғалімнің
сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты.
Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен
тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады : оқыту мақсаты, мең-геру,
оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты
бойынша:
1)
мұғалім әрекетінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті,
олардың өзара байланысы.
2)
оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.
«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері. Оқыту әдісі -
мұғалім мен оқушының бірлескен оқытудың практикалық міндеттерін
шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің б ұ л анықтамасы
оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің
логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу
әрекетін құруға бағынышты.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдісмұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр
түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте
сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табы-
лады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған бі-лімді қолдана алуға керек
іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды. Реп-родуктивті әдіс оқушылардың
оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның
мәні мұғалімніңтапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.
Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұра-ды, ал
оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетгі орындаудан тұрады.
Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып,
өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша оты-рып,
көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін
көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады. Оқу-
шылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақын-дауы
мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі
қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселелі тапсырманы бір-неше бөлікке
бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады.
Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр
түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың
осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен
ерекшеленеді.