323
болғандықтан мақсатты түрде олардың
мағыналық ерекшеліктерін
салыстыра отырып қарастыру қажет.
Теория
ұғымы біркелкі немесе біртұтас құбылыстар және оның
элементтерi
мен
қызметтерiнiң
жиынтығын
сипаттайтын
заңдар,
категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесi
ретiнде
қарастырылады. Теория өздігінен ешнәрсенi өзгерте алмайды, бірақ адамның
практикалық әрекеттерiн реттеуші рөлін атқарады. Теория адамдардың
санасы арқылы қабылданады және сол теорияны ақиқатқа айналдыру үшін
белгілі дәрежедегі күш пен энергияны жұмсаған жағдайда ғана материалдана
алады. Теория үшiн оның ережелерiне кiретiн дәлелдемелер,
негiздемелер
мiндеттi болып табылады: егер негiздеме болмаса, онда теория да жоқ. Кез
келген теорияның көздейтін соңғы мақсаты – оның практикада жүзеге
асырылып, сол арқылы оның құндылығының бағалануы.
Оқыту теориясы
– оқыту үдерісінің
заңдары мен заңдылықтарын
зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн,
оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын
сипаттайтын педагогиканың құрамдасбөлiгi.
Педагогика ғылымында оқыту
теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданылады.
Әдiс
кең мағынада тұлға әрекетiнiң түрлі формадағы тәсiлдер
жиынтығы, бiр нәрсеге жетудiң жолы деп анықталады. Кез келген ғылыми
әдiс оның қажеттi алғышарты ретiнде қатысатын, белгiлi бiр теория негiзiнде
зерттеледi. Әдiстiң негiзгi қызметi – iс-әрекеттi реттеу және бағдарлау. Әдіс –
мақсатқа қол жеткізу тәсілдері.
Оқыту әдiстерi
- педагогикалық үдеріске қатысушылардың білімді
меңгеруге бағытталған бiрлескен әрекеттерiн ұйымдастырудың тәсiлдер
жүйесі. Оқыту әдістері сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, бақылау және өзіндік
бақылау әдістеріне жіктелген.
Әдiстеме
ұғымы нақты бір іс-әрекетті орындау үшін қолданылатын
әдістер мен тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі. Әдістеме бір істі
атқарудағы әдiстер мен тәсiлдердiң кешенiн пайдалану тәртiбiн бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: