Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет99/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Басқару теориясы
Мектепті басқару туралы білім дер жиын-тығы 
мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, 
ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет 
көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы 
міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан 
тұрады. 
Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспар-ланған 
жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы 
таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару 
ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; бас-қарылатын 
обьектілер мен үдерістерді модельдеу; құбылыстарды бағалаудың сандық 
өлшемдерін қолдану. 


99 
Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогика-лық 
үдерісте жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-
аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару. 
Педагогикалық үдерісті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару 
теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйым-дастыра білу білім 
деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен 
қамтамасыз етуді, басқару нысанының өзіндік ерекше-ліктерін бейнелейтін 
басқару әдістерін игеруді қажет етеді.
Әлеуметтендіру теориясы. 
Тұлға – қарым-қатынас пен қызмет 
барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды 
білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаның дамуы – ішкі және сыртқы 
факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және 
рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үдерісі. Тұлғаның 
қалыптасуы- тұқымқуалаушылықтың әсері, орта, мақсатты тәрбиелеу мен 
өзіндік белсенділіктің нәтижесінде тұлѓаның қалыптасу үдерісі. Тұлғаны 
әлеуметтендіру -
тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, 
құндылықтар, нормалар, қағидаларды бі-луі және сол арқылы әлеуметтік 
байланыстар мен әлеуметтік тәжіри-бені меңгеруі.Тұлғаның даму 
факторлары - тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие. Тұлғаның дамуының негізгі 
күштері: ішкі қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен 
қажеттіліктері арасындағы). Сыртқы қарама–қайшылықтар (тұлғаның 
мүмкіншіліктері мен қоғам-ның талаптары арасындағы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет