98
жеткеннәтиженібақылаужәнеталдауғамүмкіндікбереді.
Іс-әрекеттік
теория - тұлға дамуының негізі, құралы және ше-шуші
факторы болып есептелінеді. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идея-сына
негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көз-қарас
педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық
әрекеттер барысында
тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның
жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. Іс-әрекеттің мақсаты - адамдардың
ақиқат өмірін қайта жаңғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық
деңгейдегі заттық және рухани әрекеті
еңбек негізін-де пайда болып, оның
негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен
қайта жаңғыртады.
Құндылықтар теориясы.
Құндылық бағдар –
адамгершілік сананың
тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қимыл-дары мен себеп-
салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп,
сананың жалпы бағыттылығында жеке тұл-ғаның бастапқы өнегелілік
ұстанымын іске асырады. Мақсат пен мін-деттерге сәйкес барлық тәрбиелік
ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық
бағдар жеке тұлғаның
тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.
Психологтар “құндылық” ұғымымен қоғамға қатысты әлеумет-тік-
тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке
тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп,
біріншіден, өнегелілік,
жеке тұлғаның (адамдар тобының, ұжымның) және оның іс-әрекетінің
нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға
қатысты адамгершілік пен
арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділет-тілік пен бақыт
ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.
Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным
ретінде және педагогикалық шындықты
жаңғыртуда өзінің негізгі
аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани)
жайында ілім болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: