Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы.
Еңбек мотивациясы теориясының негізін қалаушы А. Маслоу, Д. МакКлеплавд және Ф. Герцбергтер болып табылады.
күту теориясы
01
02
әділдік теориясы;
(Портер-Лоулер мотивациясының моделі.)
Мотивацияның құрылымына қарай бөлінуі: - Әділдік теориясының негізгі қорытындысы:
- Жұмыс нәтижесі сыйақы деңгейіне сәйкес теңбе-тең бағалануы тиіс, болмаса мотивацияның ынталандыру ролі төмендейді.
- Портер-Лоулер моделі әділдік теориясы мен күту теориясының элементтерін өз ішіне алады.
- Моделдің негізгі тезисі: адам өз қажеттілігін өзінің еңбек үлесі үшін тағайындалған лайықты сыйақы арқылы қанағаттандырады.
Ішкі мотивация
Сыртқы мотивация
Ішкі мотивация Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын. Сыртқы мотивация Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек. Еңбек мотивациясы – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек мотивтерінің құрылуы Егер: - адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес қоғамда қажетті игіліктер жиынтығы бар болса;
- осы игіліктерді алуға қызметкерлердің жеке еңбектік талпынысы болса;
- еңбектік іс әрекет қызметкерге бұл игіліктерді алу үшін аз материалдық және моральдық шығындарды жұмсауға мүмкіндік берген жағдайда ғана еңбек мотивтері қалыптасады.
- Еңбектік іс әрекет игіліктерді алудың жеке түрі болмай, оның негізі болған жағдайда еңбек мотиві пайда болады. Егер, бөлу қатынастары критерийлері болып мәртебелік айырмашылықеары (қызмет, біліктілік разряд, дәрежелер, атақты), еңбек стажы, белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы (ардагер, мүгедек, соғысқа қатысушы, жалғыз басты ана) саналса, онда жұмыста қызметтік жылжу, разряд, дәреже, жұмыс орнына орнығу сияқты жылжу мотивтері құрылады.
Көптеген зерттеушілердің ойынша, материалдық ынталылықпен, ең күшті мотивті туындауы факторлар барлық жұмыскердің тату ынтымақтастық атмосферасын құруы, басқарма аппарат жасалуы өндірістік көңіл-күйдің туындауы, бастапқы негізгі зейін және икемді болуы. - Көптеген зерттеушілердің ойынша, материалдық ынталылықпен, ең күшті мотивті туындауы факторлар барлық жұмыскердің тату ынтымақтастық атмосферасын құруы, басқарма аппарат жасалуы өндірістік көңіл-күйдің туындауы, бастапқы негізгі зейін және икемді болуы.
Назарларыңызға Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |