Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет148/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

«парадигма
(бейне, үлгі, мысал 
деген грек сөзінен шыққан) 

сол кезеңдегі ғылым дамуының, ғылыми 


158 
зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін 
бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған тео
-
риялық және 
әдіснамалық
ереже, тұжырымдамалық схема».
Парадиг
-
маны ғылыми 
термин ретінде енгізген Т. Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында 
«парадигма танымал болған ғылыми жетістік-тер» 
деп түсіндіріледі, яғни 
берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың 
зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми 
жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта 
басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің 
бастапқы тұжырым
-
дамалық сызбасы, моделі.
Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, 
философтар 
пара
-
дигманы ғылымның нақты саласының белгілі бір даму кезеңіндегі тео
-
риясының қолдану тәсілдері ретінде қарастырады.
Логикада 
парадигма 
ғылымның дамуындағы белгілі бір кезеңдегі ғылыми зерттеуге қажет үлгі, 
модель, стандарт, ғылыми таным үдерісінде туындаған мәселе
-
лерді болжау 
және шешуге арналған түсіндіру, бағалау және ғылыми мәліметтерді
жүйелеу
ретінде пайдаланылатын
ғылыми қоғамдастықта қабылданған 
теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы ретінде айтылады. 
Психологияда 
парадигма белгілі бір тарихи кезең
-
дегі берілген білім 
аймағындағы (пәндік) ғалымдардың зерттеушілік тәжірибесінің үлгісінде 
ұйымдастырылған негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі 
ретінде зерделенеді.
Әлемдік
педагогика ғылымы үшін білімнің өркениет дамуын
-
дағы 
жалпы жағдайымен және жүріп жатқан үдерістермен байланыс
-
тылығы мен 
сәйкестігі кең өріс алуда. 
Ғалым педагогтар педагогикалық үдерістегі үш парадигмалық 
кеңістікті атап өтеді. Ең байырғы генетикалық парадигманы олар
«дәстүрлер парадигмасы»
деп атайды. Бұл парадигма әртүрлі тарихи және 
мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтауды қолдайды.
Бұдан кейін келген 
ғылыми–техникалық парадигма
материал
-
дық 
құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сәйкес нақты 
ғылымдардың үстемдігі негізінде құрылған. Технократтық логика ұс
-
танымдарына сәйкес бұл оқыту парадигмасына
көшірілді

Осы
ғылыми
-
техникалық прогресте жетістікке жеткізгенімен онда физиология, пси
-
хология мен адамгершіліктің астарларына, оқушының жан дүниесін
-
дегі 
құбылыстарға бойлауға орын берілмегені белгілі болды.
Уақыт өте келе парадигма категориясының талаптары
ғылым
-
нан 
білім беру үдерісіне көшірілді. Демек

білім беру үдерісінің негізі
-
не ғылыми 
жетістіктерді енгізу ғалымдарды парадигманы тек ғылымда емес, білім беру 
тәжірибеснде пайдалануды негіздеді. Сол себепті адамның әлеуметтік 
мәдениетте дамуы барысында 
білім берудің гума-нитарлық парадигмасы 
қалыптасты. Бұл парадигма аясында кәсіби педагогиканың құндылық негізі 
– 
нақты адам, оның ішкі әлемі, та-нымының ер
екшелігі болып табылады. 


159 
Мұндағы басты басымдылық 
– 
оқушыны адам, жеке тұлға деп қабылдау, 
оның көзқарасымен, пікірі
-
мен санасу, адами қарым

қатынас жасау. 
Гуманитарлық парадигма
-
ның ерекшеліктерінің бірі 
– 
мұғалім мен оқушы 
арасындағы мәнді құндылықтардың теңдігі.
Педагогикалық үдерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қа
-
рай 
бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
– 
белсенділік
пен қатынастың бірлігі, үдеріске
қатысушылардың 
барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс
-
әре
-
кеттері;
– 
әр түрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;
– 
субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі 
қарым
-
қатынастарының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет