329
Ю.К.Бабанский жоғары оқу орындарын
-
да оқытылатын оқулықтар
мазмұнына осы тұтас педагогикалық үдерістің
ұғымын енгізеді. Ал кеңес
одағынан кейінгі кезеңде осы мәселенің зерттелуі В.А.Сластениннің ғылым
мектебінде
жалғасын тапты
.
Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель тұтас педагогикалық үрдістің
заңдарын, заңдылықтарын, принциптерін жүйелей келе, үдерістіңоның
құрамдас компоненттерінің өзара байланыстылығын мұғалім мен оқушының
қарым
-
қатынас жүйесі арқылы модельдейді.
Мұғалiмдердiң педагогикалық технологияны тиiмдi қолдана алуы
олардың
кәсiби iс-әрекет объектiсi болып табылатын тұтас педагогикалық
үдерістің
заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күшi мен тетіктерін терең
бiлу және меңгеру деңгейлеріне тiкелей байланысты.
Педагогикалық
үдерістегі
«педагогтар-оқушылар»
,
«оқушылар-
оқушылар»,«пән мұғалiмi – оқушылар»
және т.б. ішкі жүйелердің тығыз
өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың өзін
-
өздері
таныта алулары және басқаларды тани алулары жүзеге асырылмақ.
Мұғалiм тұтас педагогикалық үдерістің
теориясын жүзеге асыру
технологиясын меңгеру арқылы оқушылардың ғана емес, сонымен қатар
бүкіл сыныптың iс
-
әрекет пен қарым
-
қатынастарын, өзара әре
-
кеттестiктерін
ұйымдастыра алатын болады. Ал басқа педагогикалық технологиялардың
мұғалiмдер осы негізгі технология арқы
-
лы тиімді құрастыра алатыны анық,
өйткені тұтас
педагогикалық үдерістіңкомпоненттерін, олардың арасындағы
кездесетін қарама
-
қай
-
шылықтар жүйесін, қосымша жүйелерінің өзара
тәуелділігін жақсылап меңгеріп алу арқылы басқа оқыту технологияларын
қолдану жеңілірек болады.
Сонымен, тұтас педагогикалық үдерістіңтеориясын жүзеге асы
-
ру
технологиясы мегатехнология санатында қарастырылуы керек. Н.Д.Хмель
бұл технологияның мәнін төмендегідей логикалық тізбек
-
теме арқылы
негіздейді:
1)
Тұтас педагогикалықүдерісініңтеориясын білу (мұғалім іс
-
әрекетінің
объектісінің идеалды моделін);
2)
Нақты оқу
-
тәрбие ұйымдарындағы
педагогикалық үдерістің
нақты
жағдайын диагностикалау әдістемесін меңгеру;
3)
Педагогикалық үрдістің нақты жағдайын өзгертуді модель
-
деу,
(болжау) үшін тұтас педагогикалық үдерістеориясын қолдану;
4)
Кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогтар мен оқушылардың іс
-
әрекеттерінің ретін, алгоритмін анықтау.
Осы талаптардың барлығы оқушының білімді меңгерудегі өз бетінше
оқу әрекетімен айналысып, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: