Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет16/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

3)
 
Әлемдік
өркениеттің дамуында 
гуманистік қағидалардың
өзектенуі. Дүниежүзі бойынша байқалып отырған экономикалық 
дағдарыстар мен қатар адамдар арасындағы рухани
-
адамгершілік 
дағдарыстың
белең алуы қоғамды ізгілендіру мәселесін күшейте түсті. Бұл 
мәселе адамдардың білімділігімен, олардың кәсіби құзыреттілігімен, адами 
құндылықтарымен
тығыз байланыста қарастырылуда. Қоғамның бәсекеге 
қабілеттілігі оның адами капиталының сапасына тікелей байланысты.
4)
 
Интеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы.
Адамның 
интеллектуалдық әлеуетін дамыту 

заманымыздың ең қажетті талаптарының 
бірі. Барлық дамыған мемлекеттердің ұтымды басымдықтарының бірі 
ретінде қоғамның интеллектуалды әлеуетін дамыту мәселесімен 
байланыстырады. Интеллектуалды әлеуетті дамытудың іргетасы

білім беру 
саласы
. Сапалы білім беру арқылы мамандар мемлекеттің экономикасын, 
ғылымы мен мәдениетін дамытатын негізгі қозғаушы күшке айналады. 
Осындай ауқымды факторлардың ықпалынан
дүниежүзлік білім беру 
жүйесінің негізгі даму бағыттары
айқындала түсті:
1)
 
Білім беру–ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық.
Дүниежүзілік деңгейде білім беру мемлекет дамуының негізгі
басымдықтарына ауысуда. Әр мемлекет өз азаматтары үшін білім беруді 
сапалы етуге
тырысады, себебі онсыз қоғам дамуында көп қиындықтар 
туындауы мүмкін. Барлық азаматтар білім алуға құқылы және білімдерін 
жетілдіру арқылы
ғылымның, экономиканың, өндірістік саланың, 
техниканың дамуына өз үлестерін қоса алады. 
2)
 
 
Білім беру үдерісінің жалпы әлемдік стандарттарға 
сәйкестендірілуі

Қазақстан Республикасы орталық Азиядағы Болон 
үдерісінің
бірінші мүше болған мемлекет болып табылады. 2010 жылы 


15 
Қазақстан Республикасы тұңғыш рет әлемнің 47 елдерімен қатар жоғары 
бiлiмнің Болондық үдерісіне қатысушы елдердің министрлері комитетінің 
шешімімен Болон декларациясына қол қойылған күн және жоғары бiлiмнiң 
Еуропалық кеңiстiгiнiң толық құқықты қатысушысы болып табылды. Болон 
үдерісінеқатысудағы мақсат
-
еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның 
сапасын одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, 
студенттер мен оқытушылық құрамның
ұтқырлығын
жоғарылату және де 
Қазақстандық ЖОО
-
ның бітіруші түлектерiне Еуропа аралық білім 
стандартына сай диплом беру болып табылады. 
3)
 
Жаһандану әсерінен отандық білім беру жүйелерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет