Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет19/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

1.5
 
.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық 
негіздері мен мемлекеттік білім беру саясаты. 
Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы ХХ және 
ХХІ ғасырлар тоғысында әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан тиімді 
жаңалықтарды қабылдай отырып
,
қарқынды түрде дами түсті. Адамзаттың 
өмір сүру тәсілдеріндегі, ойлау жүйесіндегі, идеяларындағы өзгерістер 
қашан да болсын білімнің қоғамдағы орны мен рөліне тікелей ықпал 
жасайтыны белгілі. ЮНЕСКО
XX
І ғасырдағы білім саласы бойынша 
дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын
мәселелерге 
ерекше мән
беріледе. Олар

ынтымақтастықта
өмір сүруге, білімді меңгеруге, 
еңбек етуге үйрену
болып табылады. 
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық 
моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудіңұлттық
дәстүрін
әлемдік 


17 
білім кеңістігінде
орын алып
отырған өзгерістермен
өзара байланыстыруға 
айрықша көңіл бөлінуде.
Еліміздегі әлеуметтік
-
экономикалық тұрақтылық ұлттық білім беру 
жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру мақсатында білім беру 
саласындағы әлемдікдеңгейдегі жүйелі
өзгерістер мен жаңа бастамаларға 
сәйкес Қазақстанда іргелі реформаларды іске асыруға
мүмкіндік берді. 
Еліміздегі білім беру жүйесін жандандыруға байланысты 

Білім 
туралы
” 
Заң, Мемлекеттік 

Білім
” 
бағдарламасы, Білім берудің Стра
-
тегиялық бағдарламасыт.б. 
қабылданды. 
Қазақстан
Республикасындағы
жалпы білім беретін мектептердің 
тұжырымдамасы негізінде 1996 жылы
оқу үдерісін ұйымдастыруға негіз 
болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім 
стандарты туралы Ереже бекітілді. Ереже білім стандарттарының не
-
гізгі 
қызметі мен құрамын анықтауға, пәндер бойынша білім стандарттарын 
жасауға, базистік оқу жоспарын жаңа нормативтік құжат ретінде ұсынуға 
мүмкіндік берді. 
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім 
стандарттары, Қазақстан Республикасында
жалпы білім беретін мектептердің 
мемлекеттік базистік оқу жоспарықабылданды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет