Дидактика – жеке әдістеменің негізі
.
Әдістеме
–
педагогика
ғылымының жеке пәндерден
берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп,
оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
251
Мектепте
оқылатын әр пәннің әдістемесі
-
барлық пәнді оқытудың
ортақ әдістемесі
.
Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады,
сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың
дидакти
-
касын меңгеруі керек.
Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа
-
салған
талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ
-
былысты қамтуға
жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер
–
оқушы мен
мұғалімнің әрекеті
ретінде көрсетілген: «Оқыту
–
оқушы мен мұғалім жүзеге
асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты
оқушының да әрекеті»; «Оқы
-
туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу
айқын көрінеді. Оқыту
–
мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді
оқыту барысын
-
дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының
материалды оқып
–
үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық
жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс
-
әрекеті. Оқу (үйрену)
–
оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының
түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен
құбылыс
-
тарды,
олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы,
білімді бе
-
кіту мен
қолданудағы
мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту
үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге
бағдарланған іс
-
әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің
жиынтығы.
Оқыту үдерісі–
мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт
-
талған
өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны
меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш
-
қайратын, қабілеттерін
тәрбиелеп дамытатын іс
-
әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі
құрылымы
және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру
мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым
-
қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6)
оқыту
нәтижелері.
Білім
–
адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы
-
лыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы
–
талдау, салыстыру, жіктеу,
жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
Іскерлік
–
алған білім негізінде
оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын. Білімсіз қандай болса да
252
іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді
білу керек , т.с.с.).
Дағды
–
бұл қайта
-
қайта орындалатын практикалық
әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы
–
жүйелі
түрде
жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі.
Оқыту үдерісінің
нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште
-
ріне
байланысты.
Қозғаушы күш
деп қойылатын талаптар мен оларды
оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы
қайшылықтарды айтады.
Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне
сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай
-
налады. Оқытудың
педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту
–
күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл
-
ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да
-
мыту
негізінде жүзеге асырылады. Оқыту
–
екі жақты
үдеріс. Оқыту оқушы мен
мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.
Өйткені, оқыту
–
мұғалімнің білім берудегі негізгі іс
-
әрекеті болса, ал оқу
–
баланың өзінің танымдық, практикалық іс
-
әрекеті. Оқыту
–
мақсатты
үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп
отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа
–
мақсаттың
жүзеге асуы. Оқыту
–
жоспарлы
үдеріс. Мұғалім оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің
формасы мен әдістерін
жоспарланған, ұйымдастырылған
түрде жүзеге асырады. Оқыту
–
даму
негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның
өзіндік дамуына
жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың
жан-жақты жетілуін
түйістіреді.
Оқыту үдерісі
мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи
-
мылына байланысты. Оқыту
–
таным
үдерісі. Танымның ерекшелігі
оқушыда білімге деген
қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін
мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін
-
деттерінің бірі
–
шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту
–
бұл оқушылардың таным іс
-
әрекет
-
терін
барынша дамыту, яғни олардың ой
-
өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді
іздеп табуға
және оны еркін игеруге үйрету,
«ең жақын
даму аймағын
жасау».
Баланың
өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі
–
өзара
қарым
-
қатынас жасау іс
-
әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі
–
мұға
-
лімнің
баламен үнемі рухани қарым
-
қатынаста, ынтымақтастық жағ
-
дайда болуын
қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы
ғана емес, оның оқу іс
-
қимылы мен өзінің психи
-
калық үдерістерін басқаруы,
ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып
-
үйренудің өзі, ғылым тарихы
-
мен,
оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз
-
меті жайлы
ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел
-
гілі болған, зерттеліп
253
дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай
дамыта түседі.
Оқыту мазмұны
-
мемлекет
арнайы
таңдап анықтаған белгілі са
-
лада
жұмыс істеу үшін қажетті
адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол
–
оқытудың
нәтижесі бола алатын
білім, білік, дағды,
тұлғалық қасиет
-
тер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта,
қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт
-
тық
және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ
-
нында
ерекшеліктер
болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны
адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да
-
му
ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды
сипаттайтын мәнді байланыс философияда
–
заңдылық
деп аталады.
Заңдылықтар
ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |