1) оқытудың ғылымилығы
. Оқытудың басты мақсаты
–
білім беру.
Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;
2) оқытудың тәрбиелілігі.
Оқу үдерісінде оқушылардың білім
алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалып
-
тасып,
ақыл
–
ойы дамиды;
3) оқытудың көрнекілігі
. Көрнекілік
–
білудің, танудың, ұғынудың
басты құралы;
4) оқудағы саналылық мен белсенділік
–
оқушылардың оқуға
ықыласпен
,
шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана
білуі;
5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық.
Оқу материалы
оқушылардың жас ерешеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір
–
бірімен сабақтас, бірте
–
бірте күрделендіру принципімен құры
-
лады. Бұл
принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушы
-
лардың тиісті іс
–
әрекеттерін айқындайды;
6) оқытудың түсініктілігі
. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне,
ұғынуына лайықты болуы тиіс;
7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі
–
оқу
үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, же
-
тілдіруі;
8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым–қаты-нас.
Жеке адамдардыңөздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дер
-
бес қарым
–
қатынас
жүргізуді талап етеді.
Дидактикалық принциптер
оқу
–
тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін
көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
7.4.
Дидактиканың негізгі категориялары.Категориялар
–
(грекше
kategoria –
түйіп айту). Философияда
–
шындық көріністері мен танымның
маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін,
мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ой
-
лайының жалпы
заңдылықтарын білдіреді.
Оқыту
–
тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәти
-
жесінде
белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез
-
құлқын,
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді
өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту,
оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны,
түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |