Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет208/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

1) оқытудың ғылымилығы
. Оқытудың басты мақсаты 
– 
білім беру. 
Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді; 
2) оқытудың тәрбиелілігі.
Оқу үдерісінде оқушылардың білім 
алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалып
-
тасып, 
ақыл

ойы дамиды; 
3) оқытудың көрнекілігі
. Көрнекілік 
– 
білудің, танудың, ұғынудың 
басты құралы;
4) оқудағы саналылық мен белсенділік
– 
оқушылардың оқуға
ықыласпен

шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана 
білуі; 
5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық. 
Оқу материалы 
оқушылардың жас ерешеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір

бірімен сабақтас, бірте 
– 
бірте күрделендіру принципімен құры
-
лады. Бұл 
принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушы
-
лардың тиісті іс

әрекеттерін айқындайды; 
6) оқытудың түсініктілігі
. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, 
ұғынуына лайықты болуы тиіс; 
7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі 
– 
оқу 
үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, же
-
тілдіруі;
8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым–қаты-нас. 
Жеке адамдардыңөздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дер
-
бес қарым

қатынас
жүргізуді талап етеді.
Дидактикалық принциптер
оқу

тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін 
көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
7.4. 
Дидактиканың негізгі категориялары.Категориялар 
– 
(грекше
kategoria – 
түйіп айту). Философияда
– 
шындық көріністері мен танымның 
маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, 
мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ой
-
лайының жалпы 
заңдылықтарын білдіреді. 
Оқыту 
– 
тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәти
-
жесінде 
белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез
-
құлқын, 
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді 
өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, 
оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, 
түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет