268
Сол себепті де білім беру мазмұнын этнопедагогикаландыру да өте
маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде, яғни 1974 жылы
профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының
академигі Г.Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты оқу құралының дүниеге
келуі, педагогтардың ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін шұғыл
іздестіріп,
оның ғылыми негіздерін дәлелді теориялар мен тұжырымдардан табуға, өз
ұлтының бай тәлімдік тәжірибесін зерттеуге бірден бір себепші болды.
Жалпы адамзаттық білім беру мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістері
анықталып, оқушылар тәрбие
-
сінің
үлгілі мазмұны толығымен іске
асырылып жатқан уақыт еді.
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бір
-
қатар
әдіснамалық
мәселелерді
туындатады.
Ғылымтанудағы,
әсіресе
педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер
этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасымен теориялары
-
ның,
ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде
бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы
материалдардың жинақталуымен тұспа
-
тұс жүйелі ғылым
-
дардың жетік
меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теория
-
лық
-
әдіснамалық
негіздері зерделене бастады. Этнопедагогиканы пе
-
дагогикалық ғылымдар
жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика,
фольклор ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа
ғылыми білім ретінде этнопедагоги
-
каның пайда болуы, оның жеке ғылыми
пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні,
құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі
орны туралы мәселе
-
лерді шешуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: