270
алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында
функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу
сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғы
-
лыми
-
жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, геогра
-
фия).
2016-
2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттес
-
таттау
және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп
бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында
«Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы
–
білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу
және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына же
-
ту үшін
пайдалана білу, қоғам өмірінде
белсенділік таныту мақсатында білімдері мен
мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме
-
дәл
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлек
-
сия мен ұғым, оқылғанды
өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: