294
Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме.
пікірталас, дәріе, оқулықпен жұмыс.
Әңгіме.
Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жет
-
кізеді.
Бұл әдіс мектептегі оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде қол
-
данылады, тек
әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.
Түсіндіру.
Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен
құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну
керек.
Түсіндіру
-
бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру кө
-
бінесе
түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химия
-
лық,
физикалық, математикалық есептерді, теоремаларды шешуде, табиғат пен
қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда
қолданылады.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр
түрлі жастағы балалармен жұмыс
істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мек
-
теп
жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушы
-
лардың
интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып
оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиім
-
дірек.
Хабарлама - әңгіме
(эвристикалық әңгіме) оқушынға
өзін жаңа білімді
игеру үдерісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалім
-
нің қойған
сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүм
-
кіндік береді.
Эвристикалық әңгіме барысында мұғалім білімі мен практикалық
тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге,
ережелер мен қорытындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың
осындай біріккен іс
-
әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау
арқылы жаңа білімді игереді.
Достарыңызбен бөлісу: