Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет251/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Жаттығулар.
Ол жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қай
-
таланатын іс
-
әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын 
көтеру мақсатында орындалатын оқыту әдісі. Жаттығулар барлық пән
-
дерді 
игеруде және оқу үдерісінің әр түрлі кезеңдерінде қолданылады. 
Жаттығулардың түрі мен әдісі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты мате
-
риалға, 
жауап берілетін сұраққа және оқушыньщ жасына байланысты.


296 
Жаттығулар түрлеріне қарай:
 
ауызша, жазбаша, графикалық және 
оқу-еңбектік
болып 
бөлінеді. 
Олардың 
әрқайсысын 
орындау 
барысындаоқушылар оймен жұмыс істеу мен практикалық жұмысты 
атқарады.
Ауызша жаттыгулар
логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл 
мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. 
Жазбаша жаттыгулар
білімді қорытындылау мен оларды қолдана 
білуге үйренуге
арналады. Оларды қолдану логикалық ойлауға, жазба 
мәденетіне және өздігінен жұмыс жасай білуге үйретеді. Жазбаша 
жаттығулар ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.
Графикалық жаттыгуларга
оқушылардың сұлбалар, сызба
-
лар, 
кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабыр
-
ға газеттерін 
дайындауы, 
зертханалық
-
сарамандық 
жұмыстарды 
өткі
-
зудегі 
суреттемелерді тындауы, саяхаттар және т.б. жатады.
Оқу-еңбектік жаттыгуларга
өндірістік
-
еңбек бағытына ие 
оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың 
мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекте қолдану болып 
табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет