Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет39/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

педагог беделінің
қалыптасу негізі. 
Педагогтық кәсіпті таңдау бейімділікке, қабілеттілікке негізделгенімен, 
кейбір зерттеушілердің пікірінше

педагог мамандығын таңдаудың басқа да 
мотивтері кездеседі: саяси, экономикалық ақыл
-
ой, қоғамдық және жеке мақсат. 
Оларды екі түрге ажыратуға болады: 1) айқын анықталған белгілі мотивтер (яғни 
бір нәрсені жақсы көру, оған деген ұмтылыс); 2) анық емес мотивтер (яғни 
мұнда негізгі себепті табу қиын).
Е.А.Климов жастардың кәсіби таңдауларын анықтайтын мынандай 
8 негізгі факторларды атап көрсетеді: отбасының, үлкендердің пікірлері; 
құрдастарының пікірлері; мектептегі педагогикалық ұжымның пікірі (мұғалімдер, 
сынып жетекшісі т.б.); жеке кәсіби және өмірлік жоспарлары; қабілеттері және 
олардың байқалуы; қоғамдық құрметке иеленуге талпыныс; кәсіби іс
-
әрекет 
жайлы хабардар болуы; бейімділіктер. 
Көптеген психологиялық
-
педагогикалық әдебиеттерде студенттердің 
педагогикалық кәсіпті таңдау мотивтерін
жан
-
жақты зерттеу мақсатында түрлі 
әдістемелер құрастырылған. Мысалы, И.П.Ильина студенттердің жоғары оқу 


35 
орындарында оқу мотивтерін анықтау әдістемесі бойынша олардың оқуға 
келулерінің үш шкаласын анықтайды:
-
«
білімді меңгеру
» шкаласы (нақты бір пәнге деген қызығушылықтың 
басым болуы, білімдерді игеруге деген құлшыныс, білім алуға деген талпыныс); 
-
«
кәсіпті, мамандықты меңгеру
» шкаласы (кәсіптік білімдерді меңгеруге 
құлшыныс, кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру);
-
«
диплом алу
» шкаласы (білімдерді үстіртін меңгеріп диплом алуға 
тырысу, емтихандар мен сынақтарды өтуде жеңіл жолдарды іздестіруге ұмтылу).
Сондықтан да мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің барлығының 
дипломдары біркелкі болса да, олардың кәсіби шеберліктерінің деңгейлері әр 
түрлі. Бұлай болуы заңды да шығар, өйткені педагогикалық жоғары оқу 
орнының дипломы 

үлкен де күрделі іске кірісуге жас маманның құқығы бар 
екенін білдіретін құжат қана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет