34
Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері негізінде оның оқушылар мен
әріптестері
алдында абыройы жоғарылай түседі. Педагогикада педагог
абыройы деген сөз тіркесі
педагог авторитеті деген ұғыммен синонимі
болып қолданылады.
Педагогтың авторитеті
–
оқушыларға деген
қатынасын анықтайтын, маңызды шешімдерді қабылдауға құқылы,
басқаларды бағалай алатын, оларға кеңес бере алатын мұғалімнің ерекше
кәсіби позициясы. Шынайы мұғалімдік авторитет оның жасының үлкендігі
мен лауазымына емес, оның жеке тұлғалық, адами қадір
-
қасиеттеріне қарай
анықталады. Абыройлы ұстазға оқушылар сенеді, оны ұстаз ретінде
мойындайды, оның идеяларын қолдайды.
Педагогикалық авторитеттің
құрылымы
4 компоненттен құралады:
-
кәсіби компонент
(білімі, әдістемесі, құзыреттілігі, танымының
тереңдігі, т.б.).
-
тұлғалық компонент
(көзқарастары, өмірлік ұстанымы, құндылық
бағдары, мінезі, мәдениеттілігі, т.б.).
-
әлеуметтік компонент
(кәсібінің әлеуметтік мәнін түсінуі, кәсіби
табыстылығы, т.б.).
-
рөлдік компонент
(лауазымы, қызметтік рөлдері, құқықтары мен
кәсіби міндеттері, т.б.).
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі көпшілік бақылауында
болады. Олар оқушылар ұжымының, ата
-
аналар
қауымының, әріптестерінің
тікелей болмаса да жанама түрдегі назарында болатыны анық. Мұғалімдікті
таңдаған адам басқаларға үнемі үлгі
-
өнеге көрсете алуы керек, себебі бұрыннан
бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның
білімімен, ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс
-
тұрысы,
айналасындағы адамдармен қарым
-
қатынасы барынша үйлесімді, жарасымды
болуы шарт. Кәсіби
-
педагогикалық қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы
Достарыңызбен бөлісу: