6
Қазіргіқоғам
дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру
саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті.
«
Білім беру
»
ұғымы мазмұны жағынан да өзгерістерге ұшырап, жан
-
жақты кеңейе түсті.
Педагогика ғылымында
білім берудің
бірнеше анықтамалары кездеседі.
Солардың көп тараған анықтамаларына тоқталып өтсек:
-
Кең мағынадағы
білім беру -
жеке тұлғаның өз өмірлік жолын құзырлы
таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге және өзін
-
өзі дамытуға бағытталған үдеріс
(А.Г.Асмолов).
-
Білім беру
-
жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі
қамтылатын, оның қабілеттері мен мінез
-
құлқын жетілдіру үдерісі
және нәтижесі
(ЮНЕСКО) .
-
Білім беру
-
жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін
педагогикалық
тұрғыдан
ұйымдастырылған
әлеуметтендіру
үдерісі
.
(Педагогикалық энциклопедия).
-
Білім беру
-
адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған
тәрбие және оқыту үдерісі
(В.А.Сластенин).
Қазіргі
білім берудің негізгі мақсаты
–
білім алушыға тек академиялық
білім беріп, білік пен дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке
тұлғаның бойында әлеуметтік құнды іс
-
әрекеттерге қатыса алуы үшін өзіне де,
қоғамға да қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан қарағанда білім берудің
білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру міндеттері арқылы жеке тұлғаның
үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл
-
ой, адамгершілік, рухани
-
құндылық, еріктік,
физикалық қабілеттері жағынан толыққанды тұлға
ретінде дамуы маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: