Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы



бет140/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

3.4.Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы.Ғылы-ми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптасты-ратын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объек-тивті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс.Ғылыми-зерттеу- таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім жасау үдерісі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығымен сипаталады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) зерттеуде мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таң-дау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерт-теуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2) теориялық зерттеуде негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашы-лады, бұрын зерттелген ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фак-тілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туады.
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтиже-сінде педагогикалық құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет